Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Алматыда 10 мың текше метр қоқыс жиналды

© Photo : Алматы әкімдігіЖеңіс күніне орай 50 мың алматылық сенбілікке шықты
Жеңіс күніне орай 50 мың алматылық сенбілікке шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Жазылу
Қала бойынша 16 жерде 439 ағаш отырғызылды
АЛМАТЫ, 8 мамыр – Sputnik. Жеңіс күніне арналған сенбілікке 50 мың алматылық шықты: 439 ағаш отырғызылды, 10 мың текше метр қоқыс жиналды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Акция қаланың 8 ауданында өтті. Бұл күні қала бойынша 16 жерде 439 ағаш отырғызылды.
"Бұл жұмыс аясында отырғызудың заманауи әдістері мен технологиялары қолданылады, ағаштарды қолдау үшін қайың діңдерінің тіректері, жапырақты ағаштарға арналған базальды суару жүйелері орнатылады. Бұл тұқымдар кездейсоқ таңдалмайды: олар көшелерді безендіреді, барынша төзімді және күрделі күтімді қажет етпейді, тез тамыр алады", - дейді әкімдік.
Іс-шараға бизнес өкілдері, мектепоқушылары, колледждер мен университеттердің студенттері, мәслихат депутаттары, спортшылар, әртістер, жалпы алғанда 50 мыңнан астам адам қатысты.
Жаңалықтар
0