https://sputnik.kz/20250507/ontustik-onirlerde-koktemgi-egis-nauqany-ayaqtaluga-zhaqyn-53243207.html
Оңтүстік өңірлерде көктемгі егіс науқаны аяқталуға жақын
Оңтүстік өңірлерде көктемгі егіс науқаны аяқталуға жақын
Sputnik Қазақстан
Ел өңірлерінде шамамен 2,1 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары егілді 07.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-07T11:17+0500
2025-05-07T11:17+0500
2025-05-07T11:17+0500
егістік
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382130_0:48:1280:768_1920x0_80_0_0_4143d8afa89771b90b194677ce3c5838.jpg
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде көктемгі егіс науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Егіс науқаны әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлерінде қарқынды жүріп жатыр.Мәселен, Түркістан облысында – 449,2 мың га, Жамбыл облысында – 306 мың га, Жетісу облысында – 292,6 мың га, Алматы облысында – 187,9 мың га жерге егін егілді.Басқа өңірлерде де егіс жұмыстары басталды: Шығыс Қазақстан облысында – 156,3 мың га, Абай облысында – 138,8 мың га, Қостанай облысында – 85 мың га, Ақмола облысында – 74,8 мың га, Қызылорда облысында – 52,5 мың га, Павлодар облысында – 56,9 мың га, сондай-ақ басқа аймақтарда да егіс жүріп жатыр.Көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясында келесі іс-шаралар атқарылды: 16,7 млн га жерде ылғал жабылды, 6,1 млн га алқапта себуге дейінгі өңдеу жүргізілді, 1,7 млн га жерде көктемгі жырту жұмыстары орындалды.Егіс науқанын уақтылы әрі тиімді өткізу үшін 866,8 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізуге шарттар жасалды. 254 теңге/литр бағамен (нарықтық бағадан 15% төмен) 401 мың тонна дизель отыны бөлінді.Биылғы жылға арналған тұқым қажеттілігі 2,3 млн тоннаны құрайды. Қамтамасыз етілу деңгейі – 100%. Зертханалық тексеріс нәтижесінде тұқымның 99%-ы кондициялық деп танылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382130_96:0:1184:816_1920x0_80_0_0_6cb4708a23651e86820a5855dd0d069a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
егістік
Оңтүстік өңірлерде көктемгі егіс науқаны аяқталуға жақын
Ел өңірлерінде шамамен 2,1 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары егілді
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде көктемгі егіс науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Ел өңірлерінде шамамен 2,1 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары егілді. Көктемгі дала жұмыстары агротехникалық мерзімдерге сәйкес жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.
Егіс науқаны әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлерінде қарқынды жүріп жатыр.
Мәселен, Түркістан облысында – 449,2 мың га, Жамбыл облысында – 306 мың га, Жетісу облысында – 292,6 мың га, Алматы облысында – 187,9 мың га жерге егін егілді.
Басқа өңірлерде де егіс жұмыстары басталды: Шығыс Қазақстан облысында – 156,3 мың га, Абай облысында – 138,8 мың га, Қостанай облысында – 85 мың га, Ақмола облысында – 74,8 мың га, Қызылорда облысында – 52,5 мың га, Павлодар облысында – 56,9 мың га, сондай-ақ басқа аймақтарда да егіс жүріп жатыр.
Көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясында келесі іс-шаралар атқарылды: 16,7 млн га жерде ылғал жабылды, 6,1 млн га алқапта себуге дейінгі өңдеу жүргізілді, 1,7 млн га жерде көктемгі жырту жұмыстары орындалды.
"Бүгінгі таңда 942,1 мың га жерге дәнді дақылдар, 242,8 мың га жерге мал азықтық дақылдар, 492 мың га жерге майлы дақылдар, 118,8 мың га жерге мақта, 71,8 мың га жерге көкөністер, 57,7 мың га жерге бақша дақылдары, 32,5 мың га жерге картоп, 15,6 мың га жерге қант қызылшасы, 26,3 мың га жерге күріш және басқа дақылдар егілді", - деп атап өтті министрлік.
Егіс науқанын уақтылы әрі тиімді өткізу үшін 866,8 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізуге шарттар жасалды. 254 теңге/литр бағамен (нарықтық бағадан 15% төмен) 401 мың тонна дизель отыны бөлінді.
Биылғы жылға арналған тұқым қажеттілігі 2,3 млн тоннаны құрайды. Қамтамасыз етілу деңгейі – 100%. Зертханалық тексеріс нәтижесінде тұқымның 99%-ы кондициялық деп танылды.