Биыл 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі

© Photo : pixabay.comБизнес, калькулятор
Бизнес, калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Жазылу
Қазірдің өзінде 3,3 млрд теңге көлеміндегі 34 жоба қолдау алды
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Ұлттық экономика минитрлігі мен "Даму" қоры бизнесті жеңілдікпен несиелеудің 2 жаңа құралын іске қосты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Енді кез келген шағын не ірі кәсіпкер жеткілікті кепіл болмаса да қаржы ала алады.
Бірінші қолдау құралы құны 7 млрд теңгеден басталатын ауқымды жобаға есептелген. Екінші қолдау шағын және орта кәсіпорынға жасалады. Құны 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға тиесілі.
Министрлік хабарлағандай, кепілсіз несиені рәсімдеу уақыты небәрі 2 күн. Қазірдің өзінде 3,3 млрд теңге көлеміндегі 34 жоба қолдау алды.
"2025 жылдың соңына дейін -10 000 жоба, 2028 жылға дейін — жылына 50 000 бизнеске қолдау көрсетіледі. Жаңа тетіктер — қаржылық инфрақұрылым тұрақты түрде дамып, банктердің тәуекелі азаяды, отандық бизнестің өсу мүмкіндігіне үлес қосылады", - деп жазылған хабарламада.
Бұл бастамалар экономикалық өсімді жеделдету аясында іске асырылуда, деп хабарлады министрліктегілер.
Антикоррупционная служба. Здание в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024
"Бизнеске жол" жобасы аясында 37 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды
Жаңалықтар
0