Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Алматыда соғыс ардагерлерінің бейнесі дронмен көрсетіледі

© Photo : Алматы әкімдігіАлматыда соғыс ардагерлерінің бейнесі дрон-шоумен көрсетіледі
Алматыда соғыс ардагерлерінің бейнесі дрон-шоумен көрсетіледі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Жазылу
9 мамыр күні сағат 21:00-де Абай алаңында 500-ден астам дрон қатысатын ауқымды көрініс өтеді
АЛМАТЫ, 7 мамыр - Sputnik. Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған дрон-шоу болады. Аспанда Ұлы Отан соғысы батырларының бейнесі көрсетіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
9 мамыр күні сағат 21:00-де Абай алаңында Жеңістің 80 жылдығына орай алматылықтар мен қала қонақтарына ерекше жарық шоуы ұсынылады – 500-ден астам дрон қатысатын ауқымды көрініс өтеді.
"Көрсетілімнің басты ерекшелігі – соғыс жылдарында Қазақстанды даңққа бөлеген батырлардың бейнесі көрсетіледі. Алматы аспанында аты аңызға айналған қаһарман қыздар Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының бейнесі жарық арқылы жанданады. Заманауи технологиялар мен жарық анимациясының көмегімен батырлардың ерлігі мен рухы көріністер арқылы елге таныстырылады", - делінген хабарламада.
Дрон-шоуды тамашалауға арналған бірнеше ыңғайлы алаң дайындалды. Басты орындар: Абай алаңы, "Қазақстан" қонақ үйінің маңы, Caspian University жанындағы орын және Абай даңғылы бойындағы аумақтар – Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін.
Іс-шараны дайындау және өткізуге байланысты 9 мамыр күні сағат 18:00-ден 21:30-ға дейін қала орталығында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі бөлігі, сондай-ақ, Достық даңғылының Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі аралығында жол жабылады.
Республика күніндегі отшашу - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңіс күні Астанада отшашу бола ма
Жаңалықтар
0