"Қазавтожолға" бір аптада жолға қатысты 17 мыңнан астам өтінім түскен

© Sputnik / Абзал КалиевБайланыс операторы
Байланыс операторы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Жазылу
Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келіп түскен
АСТАНА, 6 мамыр - Sputnik. Бір аптада "Қазавтожолдың" 1403 байланыс орталығының операторларына жолға қатысты 17 мыңнан астам өтініш түскен.
Компания хабарлағандай, әсіресе республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келіп түскен. Ведомствоның мәліметінше, барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалған.
"Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 2 702 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 11 679 қоңырауға жауап берді", - дейді компаниядағылар.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады:
1403 байланыс орталығы;
www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы;
Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot)
WhatsApp мессенджері (+7 775 001 1403).
Жаңалықтар
0