https://sputnik.kz/20250506/astanada-batyrlarga-tagzym-portalynyn-tanystyrylymy-men-qolzhazbalar-kormesi-otti-53214290.html
Астанада "Батырларға тағзым" порталының таныстырылымы мен қолжазбалар көрмесі өтті
Астанада "Батырларға тағзым" порталының таныстырылымы мен қолжазбалар көрмесі өтті
Sputnik Қазақстан
Бірегей жобаға бірнеше елдің қызығушылығы артып, ұсыныстар түсіп жатыр 06.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-06T13:05+0500
2025-05-06T13:05+0500
2025-05-06T13:05+0500
жеңістің 80 жылдығы
жеңіске тағзым
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e9/05/06/53215122_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_a839c7489a7206f7d9022f4b6277fb5f.jpg
АСТАНА, 6 мамыр - Sputnik. Ұлттық архивте қазақстандық майдангерлер туралы мәліметтерді қамтитын "Батырларға тағзым" порталының таныстырылымы және құжаттық көрме өтті.Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан "Батырларға тағзым" сайтында қазірдің өзінде 678 331 ардагер, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 "Даңқ" орденінің кавалері және басқа да ержүрек жауынгерлер туралы кең көлемді мәліметтер базасы мен галереясы бар. Айта кетері, порталға жіберілген мәліметтер архив мамандарының арнайы бақылауынан соң қолданысқа енеді. Іс-шара аясында "Батырларға тағзым" сайтындағы ардагерлердің, сондай-ақ ұлттық архивтің қорынан алынған соғысының ардагерлері Кәри Абитов, Тәңірберген Қалиханов, Хамит Ерғалиев, Мәлік Ғабдуллин, Ермекқали Серікбаевтың жеке құжаттары мен майданнан жазған хаттары, жалпы 150-ге жуық құнды дерек жұртшылық назарына ұсынылды. Көрмеге соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.
https://sputnik.kz/20250318/zhenistin-80-zhyldygyna-oray-ardagerler-portaly-zhanartylady-51706562.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/06/53215122_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_17ba85500602c20e6a2032196b7e5d26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіске тағзым, соғыс ардагері
жеңіске тағзым, соғыс ардагері
Астанада "Батырларға тағзым" порталының таныстырылымы мен қолжазбалар көрмесі өтті
Бірегей жобаға бірнеше елдің қызығушылығы артып, ұсыныстар түсіп жатыр
АСТАНА, 6 мамыр - Sputnik. Ұлттық архивте қазақстандық майдангерлер туралы мәліметтерді қамтитын "Батырларға тағзым" порталының таныстырылымы және құжаттық көрме өтті.
Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан "Батырларға тағзым" сайтында қазірдің өзінде 678 331 ардагер, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 "Даңқ" орденінің кавалері және басқа да ержүрек жауынгерлер туралы кең көлемді мәліметтер базасы мен галереясы бар.
"Порталға күн сайын 100-ден аса өтінім келіп түсуде. Соңғы 2 күндегі есеп бойынша, веб-порталға ардагерлердің тізімін енгізу бойынша Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Атырау облыстарынан өтінімдер белсенді түскен. Интерфейс қажетті ақпаратты табуға ғана емес, сонымен қатар өз ардагер туыстары туралы деректерді қосуға, жаңалықтармен танысуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Айта кетері, порталға жіберілген мәліметтер архив мамандарының арнайы бақылауынан соң қолданысқа енеді.
"Бірегей жобаға бірнеше елдің қызығушылығы артып, ұсыныстар түсіп жатыр. Атап айтқанда, Ресей, Әзербайжан, Белорусь, Молдова, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Украинадан 80-ге жуық өтінім келді", - дейді министрлік.
Іс-шара аясында "Батырларға тағзым" сайтындағы ардагерлердің, сондай-ақ ұлттық архивтің қорынан алынған соғысының ардагерлері Кәри Абитов, Тәңірберген Қалиханов, Хамит Ерғалиев, Мәлік Ғабдуллин, Ермекқали Серікбаевтың жеке құжаттары мен майданнан жазған хаттары, жалпы 150-ге жуық құнды дерек жұртшылық назарына ұсынылды.
Көрмеге соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.