Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Солтүстіктің тыл ардагерлеріне мерейтойлық медальдар табысталды

© Акимат Северо-Казахстанской областиВ Северном Казахстане ветеранам тыла вручили юбилейные медали 80-летия Победы
В Северном Казахстане ветеранам тыла вручили юбилейные медали 80-летия Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Жазылу
Медальдарды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов табыс етті
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Солтүстіктің тыл ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кездесуге СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.
"Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай оларға мерейтойлық медальдар табыс етілді — бұл соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі мен Жеңіске қосқан үлесі үшін құрмет белгісі. Ардагерлер сол ауыр кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісті", - деп жазылған хабарламада.
Тыл ардагерлерінің еңбегі — бұл майдандағы ерлікпен тең. Соғыста жауынгерлер шайқасып жатқанда, балалар, жас жігіттер мен қыздар, әйелдер егістікте, колхоздарда, зауыттарда, теміржолда тынымсыз еңбек етті. Күн-түн демей, тер төгіп, алғы шепті азық-түлік және қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп, табандылықпен Жеңісті жақындатты.
Астанада 7 мамыр күні әскери шеруді қайдан көруге болады - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Астанада 7 мамыр күні әскери шеруді қайдан көруге болады
Жаңалықтар
0