https://sputnik.kz/20250505/qazaqstanda-polietilen-ondiretin-zauyt-salynady----53169471.html
Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады
Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады
Sputnik Қазақстан
Зауытпен бірге кешенде екі инфрақұрылымдық жоба іске асырылады 05.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-05T13:25+0500
2025-05-05T13:25+0500
2025-05-05T13:25+0500
зауыт
қазмұнайгаз
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53158919_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_02f0e7066377f8ac8b1411454c7e5836.jpg
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз". Зауытпен бірге кешенде екі инфрақұрылымдық жоба іске асырылады, ол: газ бөлу кешені және магистральдық құбырлар. Үш жобаның жалпы құны шамамен 11 миллиард доллар. Газ бөлу кешенінің жобасын қаржыландыру мәселесі ашық күйде қалып отыр. Қазір Қазақстанның даму банкімен қолайлы жағдайлар қарастырылып жатыр, деді Хасенов. Сондай-ақ оның айтуынша, Қазақстан полипропилен экспортын тоғыз есеге арттырған. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша полипропилен өндіру көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 73%-ке өсіп, 126 мың тонна болды. Болжам бойынша жыл соңына дейін 486 мың тоннаға жетеді.Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ішкі нарықта полипропиленді тұтыну өсімі 25%-і құрады.
https://sputnik.kz/20250402/qostanay-oblysynda-biyl-avtokolik-shygaratyn-birneshe-zauyt-ashylady-52154618.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53158919_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_b01701c23e93bc5c0843515ac7c86f02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, қазмұнайгаз
Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады
Зауытпен бірге кешенде екі инфрақұрылымдық жоба іске асырылады
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".
Зауытпен бірге кешенде екі инфрақұрылымдық жоба іске асырылады, ол: газ бөлу кешені және магистральдық құбырлар. Үш жобаның жалпы құны шамамен 11 миллиард доллар.
"Бұл ҚМГ мен серіктестердің тікелей инвестициялары. Бүгінгі таңда барлық инвестициялық шешімдер қабылданды. Үкіметтің қолдауының арқасында құрылыс нормаларының кейбір артық талаптары алынып тасталды, нәтижесінде ҚМГ мен "Полиэтилен" жобасының инвесторлары қажетті инвестициялық шешімдерді уақтылы қабылдады", — деді "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов.
Газ бөлу кешенінің жобасын қаржыландыру мәселесі ашық күйде қалып отыр. Қазір Қазақстанның даму банкімен қолайлы жағдайлар қарастырылып жатыр, деді Хасенов.
Сондай-ақ оның айтуынша, Қазақстан полипропилен экспортын тоғыз есеге арттырған. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша полипропилен өндіру көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 73%-ке өсіп, 126 мың тонна болды. Болжам бойынша жыл соңына дейін 486 мың тоннаға жетеді.
"Қазақстандағы полипропилен бағасы көрші елдермен салыстырғанда ең төменгі деңгейде. Одан әрі қайта бөлуді ынталандыру үшін былтыр "Форсаж" бағдарламасы іске қосылды. Бұл тұтынушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, полипропиленді жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді", - деді Хасенов.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ішкі нарықта полипропиленді тұтыну өсімі 25%-і құрады.