https://sputnik.kz/20250505/ereymentauda-10-myn-bas-iri-qaraga-arnalgan-agroonerkasip-kesheni-salynady-53191333.html
Ерейментауда 10 мың бас ірі қараға арналған агроөнеркәсіп кешені салынады
Ерейментауда 10 мың бас ірі қараға арналған агроөнеркәсіп кешені салынады
Sputnik Қазақстан
Жоба аясында жылына 90 мың тонна жем және 7,6 мың тоннадан астам сиыр етін өндіру жоспарланған 05.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-05T21:29+0500
2025-05-05T21:29+0500
2025-05-05T21:29+0500
мал шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385732_0:59:1280:779_1920x0_80_0_0_e97ea55b908fe5b992c94e995ffeb7a9.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Ақмола облысындағы Ерейментау қаласында 10 мың бас ірі қараға арналған сиыр етін өндіретін агроөнеркәсіп кешені салынады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Жоба аясында жылына 90 мың тонна жем және 7,6 мың тоннадан астам сиыр етін өндіру жоспарланған.Жобаның инвесторы — "Big Farm" ЖШС. Компания бұл тік интеграцияланған кешенге 77 млрд теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр.Сонымен қатар "Ерейментау-Астық" ЖШС 10 мың бас қойға арналған бордақылау және өсіру фермасының құрылысын бастады.Компаниялар тобының бас директор орынбасары Қоныспек Нұрғазиннің айтуынша, жоба аясында бордақылау алаңына арналған базаны салу және қайта жаңарту, серуен алаңдарын, қоршаулар мен астық қоймаларын, сондай-ақ мал азығын өндіретін цех тұрғызу көзделген. Сонымен қатар тракторлар, азық таратқыштар мен жем өндіруге арналған құрал-жабдықтарды сатып алу жоспарланған.
https://sputnik.kz/20250303/turik-investorlary-qazaqstanda-mal-qaldyqtarynan-elektr-energiyasyn-ondirmek-51315605.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385732_82:0:1199:838_1920x0_80_0_0_3530b62dae6da58f11646d7af15576c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мал шаруашылығы
Ерейментауда 10 мың бас ірі қараға арналған агроөнеркәсіп кешені салынады
Жоба аясында жылына 90 мың тонна жем және 7,6 мың тоннадан астам сиыр етін өндіру жоспарланған
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Ақмола облысындағы Ерейментау қаласында 10 мың бас ірі қараға арналған сиыр етін өндіретін агроөнеркәсіп кешені салынады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жоба аясында жылына 90 мың тонна жем және 7,6 мың тоннадан астам сиыр етін өндіру жоспарланған.
Жобаның инвесторы — "Big Farm" ЖШС. Компания бұл тік интеграцияланған кешенге 77 млрд теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр.
"Бұл Қазақстанның экспорттық әлеуетін айтарлықтай арттырып, 380 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қызметкерлер үшін тұрғын үйлер салу да қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар "Ерейментау-Астық" ЖШС 10 мың бас қойға арналған бордақылау және өсіру фермасының құрылысын бастады.
Компаниялар тобының бас директор орынбасары Қоныспек Нұрғазиннің айтуынша, жоба аясында бордақылау алаңына арналған базаны салу және қайта жаңарту, серуен алаңдарын, қоршаулар мен астық қоймаларын, сондай-ақ мал азығын өндіретін цех тұрғызу көзделген. Сонымен қатар тракторлар, азық таратқыштар мен жем өндіруге арналған құрал-жабдықтарды сатып алу жоспарланған.