https://sputnik.kz/20250505/astanada-sogys-ardageri-nazhiken-qapyshevke-eskertkish-taqta-ornatyldy-53191033.html
Астанада соғыс ардагері Нәжікен Қапышевке ескерткіш тақта орнатылды
Астанада соғыс ардагері Нәжікен Қапышевке ескерткіш тақта орнатылды
Sputnik Қазақстан
Майдангер соғысты қатардағы жауынгер ретінде бастады, капитан шеніне жетті, атқыштар ротасының командирі болды 05.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-05T22:10+0500
2025-05-05T22:10+0500
2025-05-05T22:10+0500
соғыс ардагері
ескерткіш
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53190464_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_8349d685df4474e28760762adc126ebb.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Нәжікен Қапышевке ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шара майдангер тұрған үйдің жанында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, ардагерлер кеңесінің, күш құрылымдарының өкілдері, ардагердің туыстары қатысты.Нәжікен Қапышев соғыс басталғанға дейін Целиноград ауданы Төңкеріс ауылында мұғалім болып еңбек еткен. Майданға 1942 жылы 114-ші атқыштар бригадасының құрамында аттанды. Смоленск, Витебск, Калининград облыстарын, Литва мен Шығыс Пруссияны азат етуге атсалысты. Майдангер соғысты қатардағы жауынгер ретінде бастады, капитан шеніне жетті, атқыштар ротасының командирі болды. Ардагер ерлігі үшін ордендермен және медальдармен марапатталды.Ресми бөлімнен кейін іс-шара гүл шоқтарын қоюмен жалғасты.
https://sputnik.kz/20250505/mangystauda-sogys-ardagerlerine-5-mln-tenge-komek-beriledi-53155273.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53190464_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_112ad487a967ea8ecea9c1c517fd1fc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
соғыс ардагері, ескерткіш
соғыс ардагері, ескерткіш
Астанада соғыс ардагері Нәжікен Қапышевке ескерткіш тақта орнатылды
Майдангер соғысты қатардағы жауынгер ретінде бастады, капитан шеніне жетті, атқыштар ротасының командирі болды
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Нәжікен Қапышевке ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шара майдангер тұрған үйдің жанында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, ардагерлер кеңесінің, күш құрылымдарының өкілдері, ардагердің туыстары қатысты.
"Біздің әкеміз Жауынгерлік Қызыл Ту орденінің иегері, бірінші және екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Оның марапаттары оның ерлігін көрсетеді. Сол себепті біз оны мақтан тұтамыз", - деді ардагердің қызы Бақыт Қапышева.
Нәжікен Қапышев соғыс басталғанға дейін Целиноград ауданы Төңкеріс ауылында мұғалім болып еңбек еткен. Майданға 1942 жылы 114-ші атқыштар бригадасының құрамында аттанды. Смоленск, Витебск, Калининград облыстарын, Литва мен Шығыс Пруссияны азат етуге атсалысты. Майдангер соғысты қатардағы жауынгер ретінде бастады, капитан шеніне жетті, атқыштар ротасының командирі болды. Ардагер ерлігі үшін ордендермен және медальдармен марапатталды.
Ресми бөлімнен кейін іс-шара гүл шоқтарын қоюмен жалғасты.