https://sputnik.kz/20250504/oskemende-uos-zhenis-qaarmandaryna-arnalgan-zhylzhymaly-kontsert-otti-53142046.html
Өскеменде ҰОС Жеңіс қаһармандарына арналған жылжымалы концерт өтті
Өскеменде ҰОС Жеңіс қаһармандарына арналған жылжымалы концерт өтті
Sputnik Қазақстан
Көрермендерге театрландырылған және музыкалық қойылымдар, соғыс жылдарындағы әндер мен патриоттық шығармалар ұсынылды 04.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-04T09:57+0500
2025-05-04T09:57+0500
2025-05-04T09:57+0500
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/04/53141764_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_4914985ac27a88c3d5dbc549fe8ecfc9.jpg
АСТАНА, 4 мамыр - Sputnik. Өскеменде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағы Батырларының есімі берілген бес көшенің құрметіне арналған "Көктем Жеңісі" жылжымалы концерті өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.Көрермендерге театрландырылған және музыкалық қойылымдар ұсынылып, соғыс жылдарындағы әндер мен патриоттық шығармалар орындалып, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Мерекелік безендірілген төрт көліктен тұратын колонна Әлия Молдағұлова көшесінен жол бастады. Одан кейін олар Ізғұтты Айтықов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Владимир Мыза көшесіне қарай бет алды, мұнда қала тұрғындары мен шараға қатысушы жастар күтіп тұрды. Мұнда концерт қойылып, мектеп оқушылары Владимир Мызаның мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды.Сағат 14:00-де колонна Арбатқа келді. Мұнда Сағадат Нұрмағамбетов, Қасым Қайсенов және Төлеген Тоқтаров көшелеріне арналған мереке ұйымдастырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/04/53141764_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_d0fd8bc1c62fdad6c75e309a24e56123.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Өскеменде ҰОС Жеңіс қаһармандарына арналған жылжымалы концерт өтті
Көрермендерге театрландырылған және музыкалық қойылымдар, соғыс жылдарындағы әндер мен патриоттық шығармалар ұсынылды
АСТАНА, 4 мамыр - Sputnik. Өскеменде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағы Батырларының есімі берілген бес көшенің құрметіне арналған "Көктем Жеңісі" жылжымалы концерті өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Іс-шараның мақсаты – қала көшелерінің атауларында есімдері мәңгілікке қалған батырлардың рухына тағзым ету, сондай-ақ бетпе-бет қарым-қатынас, әуен, тарихи жады арқылы ұрпақтар сабақтастығын сақтау", - делінген хабарламада.
Көрермендерге театрландырылған және музыкалық қойылымдар ұсынылып, соғыс жылдарындағы әндер мен патриоттық шығармалар орындалып, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Мерекелік безендірілген төрт көліктен тұратын колонна Әлия Молдағұлова көшесінен жол бастады. Одан кейін олар Ізғұтты Айтықов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Владимир Мыза көшесіне қарай бет алды, мұнда қала тұрғындары мен шараға қатысушы жастар күтіп тұрды. Мұнда концерт қойылып, мектеп оқушылары Владимир Мызаның мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды.
Сағат 14:00-де колонна Арбатқа келді. Мұнда Сағадат Нұрмағамбетов, Қасым Қайсенов және Төлеген Тоқтаров көшелеріне арналған мереке ұйымдастырылды.