https://sputnik.kz/20250504/kolledzhderde-zhan-basyna-shaqqandagy-qarzhylandyru-eki-ese-ulgayady-53141553.html
Колледждерде жан басына шаққандағы қаржыландыру екі есе ұлғаяды
Колледждерде жан басына шаққандағы қаржыландыру екі есе ұлғаяды
Sputnik Қазақстан
1 қыркүйектен бастап бір студентке шаққандағы қаражат көлемі 912 мың теңгені құрайды 04.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-04T09:08+0500
2025-05-04T09:08+0500
2025-05-04T09:23+0500
студент
колледж
https://sputnik.kz/img/07e7/01/11/31184371_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_672ef558da83e7bb041fd3f6785a69ec.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кәсіптік білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге өседі, деп хабарлады үкімет.Қазір бір студенттің білім алуына бөлінетін қаржының орташа көлемі 437 мың теңгені құраса, енді ол орташа есеппен 912 мың теңге болады.Сонымен қатар қаржыландырудың жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда елімізде 772 колледж кадрлар дайындайды. Контингент небәрі 556 мың студенттен тұрады, оның 85 пайызы грант бойынша оқиды, ал мемлекеттік білім беру тапсырысының 65 пайызы техникалық мамандықтарға бағытталған.Колледждерде 227 мамандық және 753 біліктілік бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.
https://sputnik.kz/20250103/2025-zhyly-stipendiya-molsheri-qansha-bolady-49539658.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/11/31184371_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_8d080fa589e0a5465cc36476fa90f27a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студент, колледж
Колледждерде жан басына шаққандағы қаржыландыру екі есе ұлғаяды
09:08 04.05.2025 (жаңартылды: 09:23 04.05.2025) 1 қыркүйектен бастап бір студентке шаққандағы қаражат көлемі 912 мың теңгені құрайды
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кәсіптік білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге өседі, деп хабарлады
үкімет.
Қазір бір студенттің білім алуына бөлінетін қаржының орташа көлемі 437 мың теңгені құраса, енді ол орташа есеппен 912 мың теңге болады.
"Қаржыландырудың жаңа нормативі негізгі және ынталандырушы бөліктерден тұрады, бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар қаржыландырудың жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда елімізде 772 колледж кадрлар дайындайды. Контингент небәрі 556 мың студенттен тұрады, оның 85 пайызы грант бойынша оқиды, ал мемлекеттік білім беру тапсырысының 65 пайызы техникалық мамандықтарға бағытталған.
Колледждерде 227 мамандық және 753 біліктілік бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.