https://sputnik.kz/20250504/iri-sauda-zhelilerindegi-assortimenttin-60-payyzy-otandyq-tauar--ministrlik-53147309.html
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60 пайызы отандық тауар – министрлік
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60 пайызы отандық тауар – министрлік
Sputnik Қазақстан
Magnum компаниясының басшысы Яков Фишман сауда желілері жеткізушілерге өз тауарларын ілгерілету үшін қандай қызметтер көрсететіні туралы айтты 04.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-04T19:12+0500
2025-05-04T19:12+0500
2025-05-04T19:12+0500
отандық өнім
сауда
https://sputnik.kz/img/07e9/05/04/53147005_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_c78abf209d022c6d26a999242029701e.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. 2 мамырда сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматыға жұмыс сапары барысында қазақстандық ірі сауда желісінде болып, компания басшылығымен кездесті , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше тараптар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, оның ішінде картоп пен ет бағасының қолжетімді болуына ерекше назар аударды.Министр отандық өндірушілердің сауда желілерінің сөрелеріне қолжетімділігін жеңілдету үшін жеткізілетін өнімнің стандарттарын пысықтауды ұсынды. Компания басшылығы жеткізушілерді қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы хабарлады және жергілікті өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді, сонымен бірге қосымша жылжыту қызметтерін пайдалану еріктілігін атап өтті.Magnum компаниясының басшысы Яков Фишман сауда желілері жеткізушілерге өз тауарларын ілгерілету үшін қандай қызметтер көрсететіні туралы айтты. Осы ынтымақтастықтың арқасында қазақстандық брендтердің танымалдығы артып келеді. Отандық өндірушілердің сатылымы артып, өндіріс дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сауда желісінің басшысы тауарларды ілгерілету қызметтері міндетті емес екенін ерекше атап өтті. Әр серіктес өзіне қажет нәрсені өзі таңдай алады.Кездесу қорытындысы бойынша сауда министрлігінің қолдауымен жеткізушілер форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Алаң ірі сауда желілерімен жұмыс істеу шарттарын талқылауға және қазақстандықтардың қолжетімді бағада сапалы отандық өнімге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250201/qazaqstan-iranga-otandyq-onimnin-60-tan-astam-turin-eksporttaydy-50470285.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/04/53147005_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_0776e3b61ef1a4e2c63744a447eaf453.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отандық өнім, сауда
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60 пайызы отандық тауар – министрлік
Magnum компаниясының басшысы Яков Фишман сауда желілері жеткізушілерге өз тауарларын ілгерілету үшін қандай қызметтер көрсететіні туралы айтты
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. 2 мамырда сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматыға жұмыс сапары барысында қазақстандық ірі сауда желісінде болып, компания басшылығымен кездесті , деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше тараптар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, оның ішінде картоп пен ет бағасының қолжетімді болуына ерекше назар аударды.
"Кездесу аясында ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ға жуығы отандық тауарлар екендігі айтылды. Бұл қазақстандық өндірушілердің бөлшек саудадағы жоғары деңгейін көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.
Министр отандық өндірушілердің сауда желілерінің сөрелеріне қолжетімділігін жеңілдету үшін жеткізілетін өнімнің стандарттарын пысықтауды ұсынды. Компания басшылығы жеткізушілерді қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы хабарлады және жергілікті өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді, сонымен бірге қосымша жылжыту қызметтерін пайдалану еріктілігін атап өтті.
Magnum компаниясының басшысы Яков Фишман сауда желілері жеткізушілерге өз тауарларын ілгерілету үшін қандай қызметтер көрсететіні туралы айтты. Осы ынтымақтастықтың арқасында қазақстандық брендтердің танымалдығы артып келеді. Отандық өндірушілердің сатылымы артып, өндіріс дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сауда желісінің басшысы тауарларды ілгерілету қызметтері міндетті емес екенін ерекше атап өтті. Әр серіктес өзіне қажет нәрсені өзі таңдай алады.
Кездесу қорытындысы бойынша сауда министрлігінің қолдауымен жеткізушілер форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Алаң ірі сауда желілерімен жұмыс істеу шарттарын талқылауға және қазақстандықтардың қолжетімді бағада сапалы отандық өнімге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.