Елде ет өндірісі артып жатыр

© Sputnik / Санат ИмангалиевЕт бағасы
Ет бағасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2025
Жазылу
2025 жылдың алғашқы екі айында: сиыр және қой етінің экспорты — 2 есеге өсті
АСТАНА, 4 мамыр - Sputnik. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы — шағын және орта кәсіпорындар, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, барлық түрдегі еттің сойыс салмағындағы өндіріс көлемі шамамен 1,2 млн тоннаны құрап, 4,3%-ға артты. 2025 жылы да бұл өсім жалғасуда.
Жылдың алғашқы үш айындағы өсім:
барлық түрдегі ет өндірісі — 2,8%;
қосалқы өнімдер — 20%;
шұжық өнімдері — 12,6%;
ет консервілері — 34,6%.
2025 жылдың алғашқы екі айында: сиыр және қой етінің экспорты — 2 есеге, шұжық өнімдерінің экспорты — 2,7%-ға, ет консервілерінің экспорты — 3,6 есеге артты.
Природа Восточного Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2025
Қазақстанға араб елдерінен келген туристер саны 62%-ға артты
Жаңалықтар
0