Алматыдан 447 шақырым жерде жер сілкінді

© Sputnik / Игорь Носов
/ Жазылу
Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Сейсмологтар Қытай аумағында жер асты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі таратты.
"2025 жылғы 4 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 11:45-те жер сілкінісі тіркелді. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 477 шақырым жерде орналасқан. Координаттары: солтүстік ендік 41,670, шығыс бойлық 82,310", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында дүмпу болған жоқ. Жер сілкінісінің сезілгені туралы хабарлама түспеді.