Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Жеңіске – 80 жыл: Астанадағы әскери парадты қайдан көруге болады

© Sputnik / Санат ИмангалиевВоенная техника на улицах Астаны
Военная техника на улицах Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2025
Жазылу
Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаладағы үш орыннан тікелей трансляция ұйымдастырылады
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Астанада 2025 жылдың 7 мамыры күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған ауқымды әскери шеру өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау күшейтіледі. Шеруге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, соғыс іс-қимылдарының ардагерлері, ҚР Қарулы Күштері үздік бөлімшелерінің, құрметті қарауыл ротасының, ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының ардагерлері шақырылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаладағы үш орыннан тікелей трансляция ұйымдастырылады:
ЕХРО аумағы (Түркістан және Ақмешіт көшелері жағынан кіру);
Қалалық алаң (Астана қаласы әкімдігі ғимаратының алдында);
Б. Момышұлы даңғылы, 1 мекенжайындағы "Astana Music Hall" тұрақ аумағы (Құмыра).
Шеру аяқталғаннан кейін сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін осы үш алаңда эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Мына өзгерістерге назар аудару қажет:
Шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектеледі.
Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеру қажет.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтау сұралды.
Аталған учаскелер арқылы өту және жол жүру іс-шаралар толықтай аяқталғаннан кейін қайта жанданады.
Архивное фото военного парада в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Астанадағы әскери парад тікелей эфирден көрсетіледі - қорғаныс министрлігі
Жаңалықтар
0