https://sputnik.kz/20250503/songy-alty-zhylda-balabaqshalarga-kezek-5-ese-azaydy-53122145.html
Соңғы алты жылда балабақшаларға кезек 5 есе азайды
Соңғы алты жылда балабақшаларға кезек 5 есе азайды
Sputnik Қазақстан
2019 жылы мектепке дейінгі орынға кезекте 446 176 бала тұрды. 2025 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 2 жастан 6 жасқа дейінгі 84 мың балаға дейін қысқарды 03.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-03T11:27+0500
2025-05-03T11:27+0500
2025-05-03T11:27+0500
балабақша
https://sputnik.kz/img/834/57/8345771_0:0:3797:2135_1920x0_80_0_0_a7ec0daf0ae7324cb36b3d1c11236fa8.jpg
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. 2019 жылы елімізде 892 мың бала тәрбиеленген 10,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істесе, 2025 жылға қарай мұндай ұйымдардың саны 1 млн-нан астам баланы қамти отырып, 11,8 мыңға дейін өсті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Кезекке қатысты мәселеде айтарлықтай өзгерістер болды. 2019 жылы мектепке дейінгі орынға кезекте 446 176 бала тұрды. 2025 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 2 жастан 6 жасқа дейінгі 84 мың балаға дейін қысқарды. Осылайша, алты жыл ішінде кезек күткендер саны шамамен 5 есеге азайды.Бұрын балабақшаға жазылуда шамадан тыс жүктелген электрондық кезек, аумақтық теңгерімсіздік, орындарды бөлудің күмәнді схемалары, жалған қабылдау сынды көптеген қиындықтар қатар жүретін. Бұл мәселелер әсіресе ірі қалаларда өткір болды. Бүгінгі таңда бұл қиындықтар цифрлық сервистердің, балаларды есепке алуды автоматтандырудың және мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашық рәсімдерін енгізудің арқасында біртіндеп еңсерілуде.2024 жылдың қорытындысы бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды.Айтп кетері, мектепке дейінгі саланы қаржыландырудың тиімділігін арттырудағы негізгі қадам – ваучерлік жүйені енгізу.Жүйе ата-аналарға ваучер – барлық талаптарға сәйкес келетін кез келген балабақшада (мемлекеттік немесе жеке) пайдалануға болатын жеке "сертификат" беруді көздейді. Бұл ата-аналардың таңдауын кеңейтеді, ұйымдар арасындағы бәсекелестікке ықпал етеді және қызмет сапасын жақсартады. Сонымен қатар жүйе қайталануды және жалған тізімдерді болдырмайды, бұл 27 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді.Бүгінгі таңда ваучерлік жүйе 12 қала мен 3 ауданда кеңейтілуде. 2025 жылдың соңына дейін жоба бекітілген кестеге сәйкес бүкіл республика бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі.
https://sputnik.kz/20220602/qazaqstan-balabaqshalar-talaptar-25229829.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/834/57/8345771_168:0:3543:2531_1920x0_80_0_0_78591fa073c94a665fe9ef2f10ae5455.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша
Соңғы алты жылда балабақшаларға кезек 5 есе азайды
2019 жылы мектепке дейінгі орынға кезекте 446 176 бала тұрды. 2025 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 2 жастан 6 жасқа дейінгі 84 мың балаға дейін қысқарды
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. 2019 жылы елімізде 892 мың бала тәрбиеленген 10,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істесе, 2025 жылға қарай мұндай ұйымдардың саны 1 млн-нан астам баланы қамти отырып, 11,8 мыңға дейін өсті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Кезекке қатысты мәселеде айтарлықтай өзгерістер болды. 2019 жылы мектепке дейінгі орынға кезекте 446 176 бала тұрды. 2025 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 2 жастан 6 жасқа дейінгі 84 мың балаға дейін қысқарды. Осылайша, алты жыл ішінде кезек күткендер саны шамамен 5 есеге азайды.
Бұрын балабақшаға жазылуда шамадан тыс жүктелген электрондық кезек, аумақтық теңгерімсіздік, орындарды бөлудің күмәнді схемалары, жалған қабылдау сынды көптеген қиындықтар қатар жүретін. Бұл мәселелер әсіресе ірі қалаларда өткір болды. Бүгінгі таңда бұл қиындықтар цифрлық сервистердің, балаларды есепке алуды автоматтандырудың және мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашық рәсімдерін енгізудің арқасында біртіндеп еңсерілуде.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды.
"2025 жылы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделгендей қамтуды 95%-ға дейін арттыру, ал 2028 жылға қарай – 100%-ға жету жоспарланып отыр", - делінген үкімет хабарламасында.
Айтп кетері, мектепке дейінгі саланы қаржыландырудың тиімділігін арттырудағы негізгі қадам – ваучерлік жүйені енгізу.
Жүйе ата-аналарға ваучер – барлық талаптарға сәйкес келетін кез келген балабақшада (мемлекеттік немесе жеке) пайдалануға болатын жеке "сертификат" беруді көздейді. Бұл ата-аналардың таңдауын кеңейтеді, ұйымдар арасындағы бәсекелестікке ықпал етеді және қызмет сапасын жақсартады. Сонымен қатар жүйе қайталануды және жалған тізімдерді болдырмайды, бұл 27 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда ваучерлік жүйе 12 қала мен 3 ауданда кеңейтілуде. 2025 жылдың соңына дейін жоба бекітілген кестеге сәйкес бүкіл республика бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі.