https://sputnik.kz/20250503/qazaqstanda-zhazda-demaluga-qayda-baruga-bolady-53132901.html
Қазақстанда жазда демалуға қайда баруға болады
Қазақстанда жазда демалуға қайда баруға болады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда демалуға арналған үздік 5 орын ұсынылды 03.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-03T19:38+0500
2025-05-03T19:38+0500
2025-05-03T19:38+0500
туризм
туристер
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44478887_0:0:707:397_1920x0_80_0_0_a489ae37f72393e4acea01d6df9b9f95.png
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі елдің экотуризм және танымдық бағыттар әлеуетін ашатын ТОП-5 бағытты ұсынды.1. Катонқарағай, Шығыс Қазақстан облысыКатонқарағай ұлттық паркі — Қазақстанда Green Destinations халықаралық тізіміне енген алғашқы аумақ. Өңір көркем табиғатымен, биік тауларымен, көлдерімен, емдік бұлақтарымен танымал. Туристер Язевое көліне, Мұзтауға, "Рахман қайнары" қорық аймағына және Оралхан Бөкейдің музей-үйіне, Шүкір Шайжүнісов музейіне баруына болады. Бұл өңір экотуризм, альпинизм және сауықтыру туризмі үшін өте қолайлы орын саналады.2. Қорғалжын қорығы, Ақмола облысыҚорғалжын — қоқиқаздарды табиғи мекенінде көруге болатын әлемдегі сирек орындардың бірі. Жазда қорық көлдеріне мыңдаған жыл құсы ұшып келеді. Бұл бағыт орнитологиямен айналысатындар мен табиғат тыныштығын қалайтын туристер арасында танымал.3. Алтынемел ұлттық паркі, Жетісу облысыАлтынемел — табиғи алуантүрлілік пен мәдени мұра тоғысқан ірі туристік орталықтардың бірі. Паркте заманауи визит-орталық жұмыс істейді. Туристерге бағыттар бойынша ақпарат беру, қызмет көрсету, навигациялық қолдау ұсынылады. Басты нысандардың қатарында — "Айғай құм", Ақтау таулары мен Таңбалы-тас петроглифтері бар. Бұл бағыт отбасылық және жеке саяхатқа да қолайлы.4. Сайрам-Өгем ұлттық паркі, Түркістан облысыСайрам-Өгем — оңтүстік аймақтағы әлеуеті жоғары, бірақ әлі толық ашылмаған бағыттардың бірі. Мұнда мұздық көлдерге апаратын жаяу бағыттар мен тау флорасымен танысу мүмкіндігі бар. Экотуризм дамып келе жатқан бұл өңір ішкі туризм үшін тың мүмкіндікке айналуда.5. "Сартас" визит-орталығы, Маңғыстау облысыМаңғыстау өңірі туристік инфрақұрылымды белсенді түрде дамытып келеді. Жаңадан ашылған "Сартас" визит-орталығы өңірдің петроглифтеріне, жартас кешендеріне және қасиетті орындарына баратын келушілер үшін ашық. Бұл орталық логистика мен қауіпсіз маршруттарға қолайлы жағдай жасайды. Жаз мезгілі — Маңғыстаудың ерекше табиғаты мен тарихи кеңістігін тануға таптырмас кезең.
https://sputnik.kz/20250415/ormanda-demaluga-tyyym-salyna-ma--premer-tapsyrma-berdi-52492381.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44478887_82:0:611:397_1920x0_80_0_0_6231c446c3ee3f1a0e30b54eaf17b4a2.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм, туристер
Қазақстанда жазда демалуға қайда баруға болады
Қазақстанда демалуға арналған үздік 5 орын ұсынылды
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі елдің экотуризм және танымдық бағыттар әлеуетін ашатын ТОП-5 бағытты ұсынды.
1. Катонқарағай, Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ұлттық паркі — Қазақстанда Green Destinations халықаралық тізіміне енген алғашқы аумақ. Өңір көркем табиғатымен, биік тауларымен, көлдерімен, емдік бұлақтарымен танымал. Туристер Язевое көліне, Мұзтауға, "Рахман қайнары" қорық аймағына және Оралхан Бөкейдің музей-үйіне, Шүкір Шайжүнісов музейіне баруына болады. Бұл өңір экотуризм, альпинизм және сауықтыру туризмі үшін өте қолайлы орын саналады.
2. Қорғалжын қорығы, Ақмола облысы
Қорғалжын — қоқиқаздарды табиғи мекенінде көруге болатын әлемдегі сирек орындардың бірі. Жазда қорық көлдеріне мыңдаған жыл құсы ұшып келеді. Бұл бағыт орнитологиямен айналысатындар мен табиғат тыныштығын қалайтын туристер арасында танымал.
3. Алтынемел ұлттық паркі, Жетісу облысы
Алтынемел — табиғи алуантүрлілік пен мәдени мұра тоғысқан ірі туристік орталықтардың бірі. Паркте заманауи визит-орталық жұмыс істейді. Туристерге бағыттар бойынша ақпарат беру, қызмет көрсету, навигациялық қолдау ұсынылады. Басты нысандардың қатарында — "Айғай құм", Ақтау таулары мен Таңбалы-тас петроглифтері бар. Бұл бағыт отбасылық және жеке саяхатқа да қолайлы.
4. Сайрам-Өгем ұлттық паркі, Түркістан облысы
Сайрам-Өгем — оңтүстік аймақтағы әлеуеті жоғары, бірақ әлі толық ашылмаған бағыттардың бірі. Мұнда мұздық көлдерге апаратын жаяу бағыттар мен тау флорасымен танысу мүмкіндігі бар. Экотуризм дамып келе жатқан бұл өңір ішкі туризм үшін тың мүмкіндікке айналуда.
5. "Сартас" визит-орталығы, Маңғыстау облысы
Маңғыстау өңірі туристік инфрақұрылымды белсенді түрде дамытып келеді. Жаңадан ашылған "Сартас" визит-орталығы өңірдің петроглифтеріне, жартас кешендеріне және қасиетті орындарына баратын келушілер үшін ашық. Бұл орталық логистика мен қауіпсіз маршруттарға қолайлы жағдай жасайды. Жаз мезгілі — Маңғыстаудың ерекше табиғаты мен тарихи кеңістігін тануға таптырмас кезең.