Электр станцияларындағы жөндеу науқаны кестеге сәйкес жүріп жатыр – министрлік

© Photo : МинэнергоТЭЦ-1 в Павлодарской области
ТЭЦ-1 в Павлодарской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2025
Жазылу
2025 жылға арналған жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Алдағы жылыту маусымына энергетикалық нысандарды дайындау жұмыстары ұйымдасқан түрде жүріп жатыр, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей және Орталық Азия елдерінің энергожүйелерімен қатарлас режимде тұрақты жұмыс істеуде. Электр станциялары жүйе операторы бекіткен кестеге сәйкес жүктемені көтеріп отыр", - делінген министрлік хабарламасында.
Министрліктің мәліметінше, 2025 жылға арналған жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 2 энергия блогында, 16 қазандық пен 8 турбинада жөндеу жұмыстары әртүрлі кезеңде жүріп жатыр. 1 энергия блогы мен 2 қазандықтағы жөндеу аяқталды.
Энергетика министрлігі жөндеу науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап, барлық жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларқабылдап жатқанын хабарлады.
На Экибастузской ГРЭС-1 введен в эксплуатацию энергоблок №1 - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2025
Екібастұзда электр станциясын салу үшін 3 триллион теңге қажет
Жаңалықтар
0