"Жаңбырдың соңы қарға ұласады": синоптиктер мамырда ауа райы қандай болатынын болжады

© Sputnik/Ертай СарбасовВесна в Алматы
Весна в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
Мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, жаңбыр, бұршақ жауады
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері мамырда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Консультативтік болжамға сәйкес, мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жиі жаңбыр, кейде нөсер жаңбыр жауады, кей күндері найзағай ойнап, қатты жел соғып, бұршақ жауады. Онкүндіктің басында және ортасында республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығыс аудандарының таулы және тау бөктерінде түнде жаңбыр жауып, қарға ұласады деп болжанып отыр.
Мамырдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы ауытқиды:
елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде -5+3°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +20+28°С-қа дейін;
елдің оңтүстік жартысында - түнде -3+5°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +25+30°С-қа дейін.
елдің батысында түнде +8+18°С-тан -3+7°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+15°С-қа дейін.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Ираннан жылы ауа массаларының келуіне байланысты ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды деп болжануда:
республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +10+18°С дейін, күндіз +25+35°С дейін;
оңтүстік жартысында түнде +15+23°С дейін, күндіз +30+40°C ыстыққа дейін.
Мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінің кей күндерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ыстық аздап басылады - солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда күндіз +15+25°С дейін, оңтүстікте +20+28°С дейін.
Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің батыс аймақтарында норма шамасында болады.
Мамыр айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда.
Жаңалықтар
0