https://sputnik.kz/20250502/qyzylorda-oblysyndagy-balabaqshada-buldirshinnin-arqasy-tistelgen---tekseru-zhurip-zhatyr-53115202.html
Қызылорда облысындағы балабақшада бүлдіршіннің арқасы тістелген - тексеру жүріп жатыр
Қызылорда облысындағы балабақшада бүлдіршіннің арқасы тістелген - тексеру жүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Жалпы балабақша 50 балаға арналған, алайда бала саны бұдан көп 02.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-02T20:06+0500
2025-05-02T20:06+0500
2025-05-02T20:06+0500
балабақша
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АСТАНА, 2 мамыр - Sputnik. Қызылорда облысы Шиелі ауданының орталығы Шиелі кентіндегі "Раяна" жекеменшік балабақшасында бүлдіршінді қатарласы аяусыз тістеп тастаған.Арқасы қанталап тістелген бала бір жарым жаста. Оқиға тәрбиеші мен көмекші балаларды қараусыз қалдырғанда болған. Бұл ақпаратты балабақша басшылығы айтқан.Жалпы балабақша 50 балаға арналған, алайда бала саны бұдан көп, дейді білім басқармасындағылар.Қазіргі уақытта аудандық білім бөлімі жекеменшік "Раяна" балабақшасымен мемлекеттік тапсырыс беру келісімшартын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр"Ауданда бала саны аз балабақшалар бар. "Раянадағы" балаларды далада қалдырмаймыз. Бос орын бар балабақшаларға ауыстырылады. Сондай-ақ мекеме мамандары да жұмыспен қамтылады", - дейді ведомство өкілдері.Қазіргі уақытта мамандарды тығырыққа тіреп тұрған мәселе - баланың арқасын бала тістегеніне дәлелдің болмауы, бұл тек балабақша басшылары айтқан ақпарат болған. Нақты кімнің тістегеніне дәлел жоқ. Өйткені жекеменшік балабақшада бейнекамералар жұмыс істемеген.Бүлдіршіннің арқасын бүлдіршін бір сәтте 25 рет тістеп тастауы мүмкін бе деген сұрақ қоғамда қызу талқыға түсті, тіпті тістің іздері де баланың ауыз көлеміне сай келмейді, дейді әлеуметтік желі қолданушылар.Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалды. Білім саласы соның нәтижесін күтіп отыр.Ал білім басқармасындағылар тексеру нәтижесін жариялайтынын айтты.Бұл іске полиция да араласқан."Бұл дерек бойынша балабақша тәрбиешісіне кәмелетке толмаған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін шара қолданылды. Сонымен бірге Қызылорда облысының білім басқармасына тиісті ұсыныс жолданды. Қазіргі таңда полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен профилактикалық бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілуде", - дейді облыстық полиция департаменті.
https://sputnik.kz/20250203/mangystau-oblysynda-balabaqshada-buldirshinder-zhappay-ulanyp-qaldy-50517731.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, қызылорда облысы
балабақша, қызылорда облысы
Қызылорда облысындағы балабақшада бүлдіршіннің арқасы тістелген - тексеру жүріп жатыр
Жалпы балабақша 50 балаға арналған, алайда бала саны бұдан көп
АСТАНА, 2 мамыр - Sputnik. Қызылорда облысы Шиелі ауданының орталығы Шиелі кентіндегі "Раяна" жекеменшік балабақшасында бүлдіршінді қатарласы аяусыз тістеп тастаған.
Арқасы қанталап тістелген бала бір жарым жаста. Оқиға тәрбиеші мен көмекші балаларды қараусыз қалдырғанда болған. Бұл ақпаратты балабақша басшылығы айтқан.
Жалпы балабақша 50 балаға арналған, алайда бала саны бұдан көп, дейді білім басқармасындағылар.
"Балабақша иесі жобалық қуатына қарамастан 7-8 баланы артық қабылдаған, онымен қоймай балалардың жасы небәрі бір жарым жаста. Заң бойынша бала екі жасынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамтылу керек. Кәсіпкер екі мәселе бойынша заңды бұзып тұр", - дейді білім басқармасындағылар.
Қазіргі уақытта аудандық білім бөлімі жекеменшік "Раяна" балабақшасымен мемлекеттік тапсырыс беру келісімшартын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр
"Ауданда бала саны аз балабақшалар бар. "Раянадағы" балаларды далада қалдырмаймыз. Бос орын бар балабақшаларға ауыстырылады. Сондай-ақ мекеме мамандары да жұмыспен қамтылады", - дейді ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта мамандарды тығырыққа тіреп тұрған мәселе - баланың арқасын бала тістегеніне дәлелдің болмауы, бұл тек балабақша басшылары айтқан ақпарат болған. Нақты кімнің тістегеніне дәлел жоқ. Өйткені жекеменшік балабақшада бейнекамералар жұмыс істемеген.
Бүлдіршіннің арқасын бүлдіршін бір сәтте 25 рет тістеп тастауы мүмкін бе деген сұрақ қоғамда қызу талқыға түсті, тіпті тістің іздері де баланың ауыз көлеміне сай келмейді, дейді әлеуметтік желі қолданушылар.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалды. Білім саласы соның нәтижесін күтіп отыр.
Ал білім басқармасындағылар тексеру нәтижесін жариялайтынын айтты.
"Қазіргі уақытта Шиелі аудандық білім бөлімі зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Тәрбиеші мен көмекшісіне қатысты өз ісіне жауапкершілікпен қарамағына үшін шара қолдану туралы шешім шығарылды. Зерделеу қорытындысы қосымша хабарланады. Бұл жағдай Қызылорда облысы білім басқармасының қатаң бақылауында екендігін назарыңызға жеткіземіз", - дейді Қызылорда облыстық білім басқармасындағылар.
Бұл іске полиция да араласқан.
"Бұл дерек бойынша балабақша тәрбиешісіне кәмелетке толмаған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін шара қолданылды. Сонымен бірге Қызылорда облысының білім басқармасына тиісті ұсыныс жолданды. Қазіргі таңда полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен профилактикалық бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілуде", - дейді облыстық полиция департаменті.