Қазақстандық туристер туыстарының үйінде тегін тұрғанды жөн көреді - статистика

© Sputnik / Ксения ВоронинаАқтау. Каспий теңізі
Ақтау. Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
Статистика бюросы қазақстандықтардың алыс-жақын шетелдер мен ел ішіндегі сапар шығындарына талдау жасады
АСТАНА, 2 мамыр - Sputnik. 2024 жылы туристік сапарға шыққан азаматтар саны 11 287 мың адамды құрады, оның ішінде республика шегінде 9 903,5 мың адам (87,7%), республикадан тыс жерлерге – 1 383,4 мың адам (12,3%) сапарға шыққан.
Сапарлардың негізгі үлесі жеке мақсаттар бойынша болған – 10 532,8 мың адам немесе сапарлардың жалпы санының 93,3%, іскерлік және кәсіби мақсатта – 754,2 мың адам 6,7%
Барушылары ең көп болған өңірлер қатарында:
Астана - 10,5%;
Алматы -10,2%
Түркістан -8,8%;
Қарағанды 7,9%
Алматы облыстары - 7,4%.
Қазақстан бойынша сапарлау кезінде туристердің көпшілігі жатын орны тегін болатын туыстары не таныстарына - 64,2% баруды жөн көрген. Қонақ үйлерде -15,2%, жалдамалы тұрғын үйлерде - 11,6% және санаторилерде - 3,3% тоқтағандардың үлесі айтарлықтай аз.
Қазақстандытардфң басым бөлігі ел ішінде өз автокөлігімен және теміржол көлігімен көбірек қозғалған. Шет елге барушылардың жартысынан көбі - 55,7% әуе көлігін жөн көрген.
2024 жылы туристік сапарға шыққандардың ақшалай шығыстары:
шет елге барғандар - 957,7 млрд теңгені құрады;
ел ішінде сапарлағандар - 582,7 млрд теңге кетірген.
Қазақстаннан тыс елге жеке мақсатта туристік сапарға шыққандардың негізгі шығыстары:
тауарларды сатып алу - 29,5%;
көлік қызметтері - 25,2%;
тамақтану - 21,0%
орналасу орыны - 12,6% қызметтеріне кеткен.
Осень в Алматы. Медео - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2025
Алматыға былтыр 1,7 миллион турист келді
Жаңалықтар
0