Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Қарағандыға соғыста қаза тапқан жауынгерлер жерленген орындардан топырақ жеткізілді

© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области Қарағандыда соғыста қаза тапқан жауынгерлердің ұрпақтарына жерлеу орындарынан жеткізілген топырақ тапсырылды
Қарағандыда соғыста қаза тапқан жауынгерлердің ұрпақтарына жерлеу орындарынан жеткізілген топырақ тапсырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысында ерекше оқиға болды
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Қарағандыда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ұрпақтарына жерлеу орындарынан жеткізілген топырақ берілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Олардың көпшілігі хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.
"Біз Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жоғалғандарды алты жыл бойы іздестіріп келеміз. Игі іспен айналысамыз. Осы жылдар ішінде бізге он мыңнан астам өтініш келіп түсті. Төрт мың сұрау бойынша сарбаздардың жерленген орындары анықталды", – дейді "Atamnyn Amanaty" ҚБ іздеу тобының үйлестірушісі Марфуза Сүлейменова. – Бүгін Қарағандыға өңірден майданға шақырылған екі жауынгер – Әкімжан Айдосов пен Кәрім Әбдіғалымовтың жерленген жерінен топырақ жеткізілді. Сондай-ақ тағы екі жауынгердің туыстарына жерлеу орындары көрсетілген хаттарды табыс етеміз".
Күлшікен Кәрімова әкесінің қабірінен алынған топырақ салынған қапты алып, көз жасын тыя алмады. Ол майданға кеткенде Күлшікен апа бір айдан енді асқан еді. Іздеу жүйелерінің арқасында қаза тапқан жауынгердің Сербияда, Заечар ауданында жерленгені анықталды.
© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области Қарағандыда соғыста қаза тапқан жауынгерлердің ұрпақтарына жерлеу орындарынан жеткізілген топырақ тапсырылды
 В Караганде потомкам погибших в Великой Отечественной войне солдат передали землю с мест захоронений - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Қарағандыда соғыста қаза тапқан жауынгерлердің ұрпақтарына жерлеу орындарынан жеткізілген топырақ тапсырылды
Әкімжан Андосов Смоленск облысында жерленген. Оның зиратын табуға ресейлік "Переправа" іздестіру жасағы көмектескен.
Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен сарбаздар Назамбай Аймұлдинов пен Ғабдыжан Мұқатовтың ұрпақтары Atamnyn Amanaty компаниясынан көмек сұраған.
© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области Қарағандыда соғыста қаза тапқан жауынгерлердің ұрпақтарына жерлеу орындарынан жеткізілген топырақ тапсырылды
 В Караганде потомкам погибших в Великой Отечественной войне солдат передали землю с мест захоронений - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Қарағандыда соғыста қаза тапқан жауынгерлердің ұрпақтарына жерлеу орындарынан жеткізілген топырақ тапсырылды
Подполковник Алмас Ғаділ Сарандағы 44803 әскери бөлімінде қызмет етеді. Ол үлкен атасының тағдырын білді. Оның Польшада жерленгені анықталды.
"Майданға аттанған менің ата-бабаларымның төртеуі хабар-ошарсыз кетті. Көп жыл бойы олар туралы кішкене болсын ақпарат табуға тырыстық, хат жаздық. Бірақ ешқандай мәлімет болмады. Олардың бірі Ғабдыжан Мұқатов бойынша оның зираты Польшада, Келец воеводствосында орналасқандығын хабарлады. Егер мүмкін болса, жазда ол жаққа ұшқым келеді. Біз іздеу жүйелеріне алғысымызды білдіреміз", – деді Алмас Ғаділ.
Рәсімге профессор, белгілі қайраткер Дүйсен Қасейінов қатысты.
Жаңалықтар
0