Маңғыстау облысында мотоциклші көз жұмды

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Полицейлер Жетібай – Жаңаөзен тас жолында болған жол апатын тергеп жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.
Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көлікті пайдалану ережесін бұзу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
"Алдын ала мәлімет бойынша мотоциклші рөлге ие бола алмай, жол қоршауына соқтығысқан. Жүргізуші алған жарақатынан жедел қызметтер келгенше оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады ведомство.
Жол апаты фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы – "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы" бойынша тіркелді.
Мотоцикл упал в арык на улице Саина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2023
Талдықорғанда мотоцикл тізгіндеген жігіт жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Жаңалықтар
0