Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Украинадағы қақтығысты реттеуде делдал болмайды

© AFP 2024 / KENZO TRIBOUILLARDЕуропарламент эмблемасы
Еуропарламент эмблемасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
Еуроодақтың дипломатиялық күші "Украинаның өзін-өзі қорғау құқығын қолдауға" бағытталған
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. АҚШ Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуде делдал рөлінен бас тартса, Еуропалық Одақ бұл рөлді атқаруды жоспарлап отырған жоқ, деп мәлімдеді Еуропа сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Анвар әл-Ануни, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз бұл мәселеде болжам жасамаймыз, бірақ біздің басымдылығымыз өзгерген жоқ - бұл Украинаның берік ұстанымын қамтамасыз ету. Біз Украинаға әскери көмекті арттыруды жалғастырып жатырмыз. ЕО елдері мұндай көмекке биыл 23 миллиард еуро береді және биылғы оқ-дәрі жеткізу жоспарының үштен екісін орындадық", - деді еуропалық өкіл.
Ануни Еуроодақтың дипломатиялық күші "Украинаның өзін-өзі қорғау құқығын қолдауға" бағытталғанын айтты.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізу ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей қатысып отыр.
Жаңалықтар
0