БРИКС елдері "Жасыл Еуразия" климаттық байқауына қатысады

© Sputnik/Ертай СарбасовЕАЭЭ символдары
ЕАЭЭ символдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
БРИКС-ке мүше алты мемлекет байқауға өтінім жолдаған
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігі ұйымдастыратын "Жасыл Еуразия" үшінші халықаралық климаттық байқауына өтінімдерді қабылдау мерзімі 30 сәуірде аяқталды, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақтың барлық бес елінен, сондай-ақ ЕАЭО-ның Қытай, Үндістан, Иран және Өзбекстан сияқты негізгі сауда серіктестерінен құжаттар келіп түсті. Сонымен қатар, Оңтүстік Африка Республикасы, Эфиопия, Болгария, Молдова, Тәжікстан және Сенегал өкілдері өтінімдер жолдап, байқаудың географиясын айтарлықтай кеңейтті.
"Сонымен қатар биыл келіп түскен өтінімдер санының сапалық жағынан жақсарғанын айтқым келеді. Сарапшылар мен байқау президиумына үздіктерді таңдау оңайға соқпайды: жобалардың барлығы дерлік жоғары орындар үшін бәсекеге түсуге және жаһандық деңгейде орынжалуға ​​лайық көрінеді", - деді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі, сондай-ақ олардың жобаларын таныстыру Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына орайластырылған Еуразиялық экономикалық форум аясында өтеді.
Таможня. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Қазақстанға ЕАЭО-дан тыс елдерден гипсокартон әкелуге 3 айға тыйым салынбақ
Жаңалықтар
0