Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Астанада ҰОС ардагерінің құрметіне ескерткіш тақта ашылды

© Акимат АстаныАстанада ҰОС ардагерінің құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Астанада ҰОС ардагерінің құрметіне ескерткіш тақта ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
Нашарбек Шамшанов Ұлы Отан соғысының екі бірдей медалімен, "Кенигсбергті алғаны үшін" медалімен марапатталды
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанадағы ғимараттардың бірінде ардагер Нашарбек Шамшановтың құрметіне ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Ұлы Отан соғысының ардагері Нашарбек Шамшанов 1983-1991 жылдар аралығында Сейфуллин көшесі, 12-үйде мемориалдық тақта орнатылған үйде тұрған.
"Соғыс басталмай тұрып әскер қатарына шақырылып, соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан Нашарбек Шамшанов Ұлы Отан соғысының екі бірдей медалімен, "Кенигсбергті алғаны үшін" медалімен марапатталды. Жеңістен кейін ол үйіне оралып, бейбіт уақытта елге қызмет етуді жалғастырды – теміржолда машинист болып жұмыс істеді, тепловоздар мен электровоздарды басқарды", - деді ашылу салтанатында сөз сөйлеген қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов.
Ардагер жұбайымен бірге 13 бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде оның қырыққа жуық немересі мен шөбересі бар.
2025 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 4,3 млрд теңге төленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 4,3 млрд теңге төленді
Жаңалықтар
0