Астанада LRT рельсін төсеу жұмыстарының 25 проценті аяқталды

© Photo : Акимат АстаныLRT желісінің құрылыс жұмыстары
LRT желісінің құрылыс жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
Екі жолақты желінің 5,6 километрі төселді
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Астана қаласында LRT желісінің құрылысы барысында жолдың жоғарғы құрылысын салу жұмыстарының 25% аяқталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
© Photo : Акимат АстаныLRT желісінің құрылыс жұмыстары
Строительство линии LRT в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
LRT желісінің құрылыс жұмыстары
Екі жолақты желінің жоспарланған 22,4 километрінің 5,6 километрі төселді.
Нысанға арнайы техника жеткізілді: маневрлік тартқыш, рельсті экскаватор, сорғысы бар бетон араластырғыш, консольді кран және платформалар.
© Photo : Акимат АстаныLRT желісінің құрылыс жұмыстары
Строительство линии LRT в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
LRT желісінің құрылыс жұмыстары
Құрылыс барысында шу мен діріл деңгейін төмендететін заманауи DTVII2-1 рельс бекіту жүйесі қолданылады. Бұл жүйенің артықшылықтары — шуды 5–10 дБ-ге дейін азайту, жоғары тозуға төзімділік және әртүрлі жағдайларға бейімделгіштігі.
Өткен жылы №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде алғашқы 500 метр жол төселді. Бұл тестілік кезең қысқы ауа райының жеңіл рельсті көліктің жол құрылымына әсерін зерделеуге мүмкіндік берді.
Жаңалықтар
0