320 млн теңге шығын: Түркістан облысында жер заңсыз талан-таражға түскен

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуЖайылымдағы жылқылар
Жайылымдағы жылқылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
сотқа дейінгі 2 бірдей тергеу амалдары басталды
АСТАНА, 2 мамыр - Sputnik. Түркістан облысында жер телімдері заңсыз бөлінген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Сауран ауданында жалған құжаттар негізінде көлемі 2 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері жеке тұлғаларға ресімделген, кейіннен олардың нысаналы мақсаты бизнес үшін өзгертілген.
"Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 320 млн теңгеге залал келтірілген, сондықтан сотқа дейінгі 2 бірдей тергеу амалдары басталды", - дейді ведомстводағылар.
Ал Төле би ауданында 23 жер учаскесі заңсыз үлестірілген.

"Төле би ауданында комиссия шешімінсіз 23 жер теліміне қатысты жер учаскелерін табыстау, нысаналы мақсатын өзгерту және жалға беру мерзімін ұзарту туралы заңсыз фактілер анықталды", - дейді прокуртура.

Дәл осы ауданда жеке меншікке 39 жер телімі берілген, алайда іс жүзінде заңнамада белгіленген мерзімде игерілмеген.
Қазір бұл фактілерге қатысты антикор тексеріп жатыр.
Прокурские погоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2025
Ұлытау облысында 90 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Жаңалықтар
0