Жамбыл мен Түркістан облыстары шегірткемен күресіп жатыр

© Photo : ауыл шаруашылығ министрлігіЖамбыл мен Түркістан облыстары шегірткемен күресіп жатыр
Жамбыл мен Түркістан облыстары шегірткемен күресіп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2025
Жазылу
Зиянкестер қоныстанған аумақ көлемі 456 мың гектарды құрап, оның 354 мың гектары экономикалық зияндылық шегінен асты
АЛМАТЫ, 1 мамыр - Sputnik. Жамбыл мен Түркістан облыстарында шегірткеге қарсы 348 мың гектардан астам аумақ өңделді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұл өңірдерде 907,09 мың гектар жерге зерттеу жүргізіліп, оның ішінде 7 дрон пайдаланылды. Зиянкестер қоныстанған аумақ көлемі 456 мың гектарды құрап, оның 354 мың гектары экономикалық зияндылық шегінен асты.
"Қазіргі таңда 348 мың гектар жер өңделді: Жамбыл облысында — 14 мың, Түркістан облысында — 335 мың гектар. Күрес шараларын тиімді жүргізу үшін 207 жер үсті бүріккіш техника, 5 ұшақ, 8 дрон және 1 000-нан астам маман жұмылдырылған. Өңдеу жұмыстары агротехникалық мерзімде, жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізілуде", - дейді ведомство.
Биыл шегіртке 2,1 млн гектар аумаққа таралуы мүмкін деп болжанып отыр.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Химиялық өңдеуге 443 бүріккіш техника мен 46 дрон тарту көзделген.
Шегіртке - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Түркістан облысында шегіртке қаптады
Жаңалықтар
0