https://sputnik.kz/20250430/qarapayym-toy--berekeli-otbasy-deputattar-toydy-kreditke-otkizuge-qarsy-shyqty---53005638.html
"Қарапайым той – берекелі отбасы": депутаттар тойды кредитке өткізуге қарсы шықты
"Қарапайым той – берекелі отбасы": депутаттар тойды кредитке өткізуге қарсы шықты
Sputnik Қазақстан
Олардың ойынша, бір сәттік салтанат үшін бірнеше жыл несие төлеу жас отбасының берекесін кетіріп, экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер етеді 30.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-30T15:19+0500
2025-04-30T15:19+0500
2025-04-30T15:19+0500
той
кредит
депутат
https://sputnik.kz/img/741/84/7418410_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_25b7b67fc273cb14545941675c12d98b.jpg
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров үкіметке ажырасуға қарсы шараларды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжілістің бүгінгі отырысында Назаров статистика бюросының ресми 2023 жылғы мәліметін еске алды. Сол жылы 120,8 мың неке тіркелсе, соның 40,2 мыңы ажырасумен аяқталған. Осыған байланысты мәжілісмен ажырасудың алдын алу және отбасы институтын нығайту бойынша бірқатар шараларды ұсынды. Алдымен ажырасуға өтініш білдірген ерлі-зайыптылардан сотқа арыз қабылданбас бұрын арнайы мемлекеттік баж немесе жарна алу қажет. Сондай-ақ, жергілікті жерде ардагерлер алқасы, имамдар, әйелдер кеңесі сынды консультативтік-кеңесші органдардың әлеуетін барынша пайдалануға болады. Мәселен, ажырасуға өтініш берген ерлі-зайыптылардың ісі сотқа жетпей тұрып, алдын ала осы кеңестердің қарауына ұсынылып, бітімгершілік және татуласу бағытында жұмыс жүргізілсе, құба-құп. Оның ойынша, бұл бастамаға қоғам қайраткерлерін, дін өкілдерін, отандық медиа мен блогерлерді тарта отырып, "Қарапайым той – берекелі отбасы" ұранымен ұлттық деңгейдегі үндеу жариялау тиімді болар еді.
https://sputnik.kz/20250415/elimizde-qay-aymaqta-nekege-zhii-turady--52490433.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/741/84/7418410_0:0:1708:1280_1920x0_80_0_0_9b6f6b94ddb81c9cc7162d18bc13e8ea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
той, кредит, депутат
"Қарапайым той – берекелі отбасы": депутаттар тойды кредитке өткізуге қарсы шықты
Олардың ойынша, бір сәттік салтанат үшін бірнеше жыл несие төлеу жас отбасының берекесін кетіріп, экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер етеді
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров үкіметке ажырасуға қарсы шараларды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің бүгінгі отырысында Назаров статистика бюросының ресми 2023 жылғы мәліметін еске алды. Сол жылы 120,8 мың неке тіркелсе, соның 40,2 мыңы ажырасумен аяқталған. Осыған байланысты мәжілісмен ажырасудың алдын алу және отбасы институтын нығайту бойынша бірқатар шараларды ұсынды. Алдымен ажырасуға өтініш білдірген ерлі-зайыптылардан сотқа арыз қабылданбас бұрын арнайы мемлекеттік баж немесе жарна алу қажет.
"Бұл төлемнің көлемі едәуір жоғары болуы тиіс. Сонымен қатар, ресми түрде ажырасқан тұлғалар үшін табыс салығының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру қарастырылсын", - дейді Назаров.
Сондай-ақ, жергілікті жерде ардагерлер алқасы, имамдар, әйелдер кеңесі сынды консультативтік-кеңесші органдардың әлеуетін барынша пайдалануға болады. Мәселен, ажырасуға өтініш берген ерлі-зайыптылардың ісі сотқа жетпей тұрып, алдын ала осы кеңестердің қарауына ұсынылып, бітімгершілік және татуласу бағытында жұмыс жүргізілсе, құба-құп.
"Сосын үйлену тойларын өткізу кезінде несие рәсімдеуге жол бермеу жөнінде кең көлемді ақпараттық-идеологиялық науқан жүргізу керек. Қазіргі қоғамда екі жастың үйлену тойына байланысты қарызға бату, банктік несиелер алу жағдайлары жиі кездесуде. Бір сәттік салтанат үшін бірнеше жыл несие төлеу жас отбасының берекесін кетіріп, экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер етеді", - деп атап көрсетті Назаров.
Оның ойынша, бұл бастамаға қоғам қайраткерлерін, дін өкілдерін, отандық медиа мен блогерлерді тарта отырып, "Қарапайым той – берекелі отбасы" ұранымен ұлттық деңгейдегі үндеу жариялау тиімді болар еді.