Алматыда дабыл жүйесі неге қосылды

© Sputnik/Ертай СарбасовЭвакуация детей из школы в момент прозвучавшей сирены, предупреждающей об опасности
Эвакуация детей из школы в момент прозвучавшей сирены, предупреждающей об опасности - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2025
Жазылу
Бір ғана қаңтар айында Қазақстанда 8 мың рет жер сілкінген
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Алматыда бүкіл қала бойынша сирена естіліп, телефондарға шұғыл хабарламалар келіп түсті.
Мегаполисте тағы бір мәрте жоспарлы сейсмикалық жаттығулар болды.
Жергілікті билік бұл туралы алдын ала ескерткен болатын.
Айта кетері, былтырғы қаңтардағы жер сілкінісі алматылықтардың үрейін ұшырды. Бұдан кейін қаланың төтенше жағдайлар қызметі үнемі жаттығу өткізетін болды.
Бір ғана қаңтар айында Қазақстанда 8 мың рет жер сілкінген.
Жер сілкінісін Қазақстанның 32 қаласы мен ауылының тұрғындары сезінген.
Осыдан кейін қалада ескерту жүйесі қайта қаралып, сейсмикалық жаттығулар күшейтілді.
Тәжікстандағы жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2025
Тәжікстандағы жер сілкінісінен 17 үй қирады
Жаңалықтар
0