https://sputnik.kz/20250429/zheniske-80-zhyl-sogysqa-attangan-270-myn-qazaqstandyqtyn-tagdyry-ali-kunge-deyin-belgisiz-52980527.html
Жеңіске 80 жыл: соғысқа аттанған 270 мың қазақстандықтың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз
Жеңіске 80 жыл: соғысқа аттанған 270 мың қазақстандықтың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз
Sputnik Қазақстан
600 мыңнан астам қаза тапқан жауынгердің есімі Естелік кітабына енгізілді 29.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-29T22:41+0500
2025-04-29T22:41+0500
2025-04-29T22:41+0500
жеңістің 80 жылдығы
9 мамыр – жеңіс күні
https://sputnik.kz/img/1010/70/10107026_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_fe0b20e4c79bff89f6d4e873e3924878.jpg
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі 9 мамыр қарсаңында Ұлы Отан соғысында қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі туралы мәліметтер жариялады.Министрліктің мәліметінше, 1941 жылдың 22 маусымы жаймашуақ жексенбі күн еді. Мәскеу уақытымен 12:00-де КСРО Сыртқы істер халық комиссары Вячеслав Молотов радиодан нацистік Германия басып кіргенін хабарлады.Осы сәттен бастап Қазақ КСР-індегі әскери комиссариаттар үш күн тәулік бойы жұмыс істеген. Әскерге шақырылғандар да, өз еркімен келгендер де көп болған.1939 жылдан 1941 жылдың маусымына дейін Қазақстаннан 187 мың жауынгер Қызыл армия қатарына шақырылған, олардың 40 600-і – қазақтар.Көптеген қазақстандық соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап майдан шебінде болды. Кейін олардың басым көпшілігі қаза тапқаны немесе із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды.Соғыс жылдары майданға Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам аттанды. Бұған дейінгі 187 мың сарбазды қоса есептегенде, Қазақстаннан барлығы 1 366 000 адам соғысқа аттанған.600 мыңнан астам қаза тапқан жауынгердің есімі Естелік кітабына енгізілді. Ал 270 мыңнан астам қазақстандықтың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.
https://sputnik.kz/20250429/zhenis-kunine-oray-qazaqstanda-2-mynga-zhuyq-is-shara-otedi-52979162.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1010/70/10107026_57:0:1877:1365_1920x0_80_0_0_f05f571dad27649fe64121b317e8ed79.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
9 мамыр – жеңіс күні
Жеңіске 80 жыл: соғысқа аттанған 270 мың қазақстандықтың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз
600 мыңнан астам қаза тапқан жауынгердің есімі Естелік кітабына енгізілді
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі 9 мамыр қарсаңында Ұлы Отан соғысында қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі туралы мәліметтер жариялады.
Министрліктің мәліметінше, 1941 жылдың 22 маусымы жаймашуақ жексенбі күн еді. Мәскеу уақытымен 12:00-де КСРО Сыртқы істер халық комиссары Вячеслав Молотов радиодан нацистік Германия басып кіргенін хабарлады.
Осы сәттен бастап Қазақ КСР-індегі әскери комиссариаттар үш күн тәулік бойы жұмыс істеген. Әскерге шақырылғандар да, өз еркімен келгендер де көп болған.
1939 жылдан 1941 жылдың маусымына дейін Қазақстаннан 187 мың жауынгер Қызыл армия қатарына шақырылған, олардың 40 600-і – қазақтар.
Көптеген қазақстандық соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап майдан шебінде болды. Кейін олардың басым көпшілігі қаза тапқаны немесе із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды.
Соғыс жылдары майданға Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам аттанды. Бұған дейінгі 187 мың сарбазды қоса есептегенде, Қазақстаннан барлығы 1 366 000 адам соғысқа аттанған.
600 мыңнан астам қаза тапқан жауынгердің есімі Естелік кітабына енгізілді. Ал 270 мыңнан астам қазақстандықтың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.