https://sputnik.kz/20250429/qazaqstanda-iri-qara-men-usaq-maldy-eksporttauga-kvota-engizildi-52963189.html
Қазақстанда ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға квота енгізілді
Қазақстанда ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға квота енгізілді
Sputnik Қазақстан
Шектеу үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қатысты 29.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-29T14:56+0500
2025-04-29T14:56+0500
2025-05-02T08:39+0500
шектеу
мал
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0b/15449019_0:313:3072:2041_1920x0_80_0_0_237d4bbe89c71c1ac4a7a593db2a015c.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстан жас бұқалар мен тоқты қошқарларды әкетуге алты айға сандық шектеу енгізеді.Бұл норма 2025 жылдың 30 сәуірінен бастап күшіне енеді.12 айдан асқан бұқаларды әкетудің сандық лимиті 60 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 40 мың бас, тауар өндірушілер үшін – 20 мың бас.4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетудің сандық лимиті 120 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 60 мың бас, тауар өндірушілер үшін – 60 мың бас.Квота бөлу сәтінде бордақылау алаңындағы немесе тауар өндірушідегі малдың нақты саны карантиндеуге өтінім берген кезде тіркелген квотаның сұратылған көлемінен екі есе көп болуға тиіс.Әкетуге жоспарланған жануарлар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда өтініш берушінің – бордақылау алаңының немесе тауар өндірушінің атына карантинге қоюға дейінгі 3 айдан ерте емес мерзімде тіркелуге тиіс.Квоталар "Е-лицензиялау" порталында бөлінеді және мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жекелеген тауар түрлерін экспорттауға лицензия алу кезінде автоматты түрде беріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0b/15449019_182:0:2914:2048_1920x0_80_0_0_6ff959233c16512613f95b049dde7cf5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шектеу, мал, еаэо
Қазақстанда ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға квота енгізілді
14:56 29.04.2025 (жаңартылды: 08:39 02.05.2025) Шектеу үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қатысты
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстан жас бұқалар мен тоқты қошқарларды әкетуге алты айға сандық шектеу енгізеді.
Бұл норма 2025 жылдың 30 сәуірінен бастап күшіне енеді.
12 айдан асқан бұқаларды әкетудің сандық лимиті 60 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 40 мың бас, тауар өндірушілер үшін – 20 мың бас.
4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетудің сандық лимиті 120 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 60 мың бас, тауар өндірушілер үшін – 60 мың бас.
Квота бөлу сәтінде бордақылау алаңындағы немесе тауар өндірушідегі малдың нақты саны карантиндеуге өтінім берген кезде тіркелген квотаның сұратылған көлемінен екі есе көп болуға тиіс.
Әкетуге жоспарланған жануарлар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда өтініш берушінің – бордақылау алаңының немесе тауар өндірушінің атына карантинге қоюға дейінгі 3 айдан ерте емес мерзімде тіркелуге тиіс.
Квоталар "Е-лицензиялау" порталында бөлінеді және мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жекелеген тауар түрлерін экспорттауға лицензия алу кезінде автоматты түрде беріледі.