"Кезекке тұруға болады": Яндекс такси сервисінде өзгеріс енгізіледі

© Sputnik / Владислав ВодневЯндекс Такси в столице
Яндекс Такси в столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2025
Жазылу
Виртуалды кезек жүйесі арқылы пайдаланушы қанша адамның такси күтіп тұрғанын көре алады және таңдау жасай алады
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс такси компаниясының алгоритмдік баға қалыптастыру тиімділігіне аудит жүргізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Аудиттен өту міндеті Яндекс таксиге монополияға қарсы комплаенс аясында жүктелген болатын.
Аудиттің мақсаты Яндекс сервисін, оның ішінде такси қызметтерінің бағасына әсер ететін шарттар мен параметрлерді зерделеу болды.
"Атап айтқанда, жүйенің архитектурасы, баға қалыптастырудың базалық және динамикалық компоненттері зерттелді, сонымен бірге әуежай аймақтары мен қаланың орталығынан алыс аудандардағы ерекшеліктер, сондай-ақ операциялық процестер қарастырылды", - деп жазылған хабарламада.
Аудиттің бастапқы қорытындысы бойынша баға белгілеу жүйесінде бірқатар тәуекел анықталды. Кейбір тәуекелдер жойылды, ал қалғандары бойынша Яндекс оларды жою жөнінде міндеттемелер қабылдады.
Осылайша агенттіктің хабарламасы негізінде пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасының ережелері (Яндекс+ бағдарламасы) өзгертілді, нәтижесінде Яндекс осы бағдарлама бойынша барлық шығынды (клиенттерге ұсынылатын жеңілдіктерді) толық өз мойнына алды.
Яндекс қолданыстағы комплаенс жүйесіне мынадай өзгерістер енгізді:
такси тарифтерінің және жол жүрудің базалық құнының қымбаттайтыны туралы агенттікке 3 күн бұрын хабарлау;
әуежай маңындағы кейбір тұрғын аймақтарды әуежай тарифтік аймағынан алып тастау (1 апта ішінде);
жол жүрудің базалық құнынан екі есе асатын сомадан комиссия ұстамау (бұл жүргізушілердің табысын арттыруға ықпал етеді);
"Эконом" тарифіндегі комиссияны әр қалада екі жылда бір реттен жиі көтермеу (аталған тариф ең сұранысқа ие тариф саналады);
максималды сұраныс жағдайында тарифті үш еседен артық көтеруді шектеу (мысалы, ауа райы қолайсыз күндері немесе мереке күндері, мұндай сапарлар әр тоқсанда әр қалада барлық сапардың 5%-ынан аспауы керек, бұл талап нақты көрсетілген);
сұранысы төмен аймақтар үшін тариф құрамындағы қосымша төлем компонентін пайдаланушы қосымшасында түсінікті көрсету;
2025 жылдың 30 маусымынан кешіктірмей пайдаланушыларға сапар бағасының толық құрылымын қосымшада көрсету;
техникалық қолдау сапасын арттыру, атап айтқанда, пайдаланушылардың өтініштерін өңдеу алгоритмін оңтайландыру.
Бұдан бөлек, Яндекс такси пайдаланушыларды такси қызметтеріне сұраныс деңгейі туралы хабардар ету шараларын жақсартпақ. Атап айтқанда, "Эконом" тарифінде сұраныс өте жоғары болған кезде (мысалы, ауа райының қолайсыздығы кезінде) сынақ режимінде виртуалды кезек жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе арқылы пайдаланушы қанша адамның такси күтіп тұрғанын көре алады және таңдау жасай алады: кезекке тұру, басқа тарифті таңдау немесе қоғамдық көлікпен жүру.
Үкіметке жеке кәсіпкерлер үшін арнайы салық режимі бойынша салықтық есептілікті жеңілдетуге қатысты заңнамалық түзетулерді жедел енгізу жөнінде ұсыныстар жолданды. Бұл өзгерістер такси жүргізушілерінің табысын арттыруға ықпал етеді.
Жаңалықтар
0