https://sputnik.kz/20250429/bayterektin-aktivteri-141-trln-tengege-zhetti-kholding-basshysy-toqaevqa-esep-berdi-52966836.html
"Бәйтеректің" активтері 14,1 трлн теңгеге жетті: холдинг басшысы Тоқаевқа есеп берді
"Бәйтеректің" активтері 14,1 трлн теңгеге жетті: холдинг басшысы Тоқаевқа есеп берді
Sputnik Қазақстан
Тоқаев "Бәйтерек" холдингіне энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды 29.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-29T15:15+0500
2025-04-29T15:15+0500
2025-04-29T15:15+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/03/03/51319398_0:1:800:451_1920x0_80_0_0_ea932488ea17cb1b557a9cc12afccb33.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Президент "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысы холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есепті тыңдап, биылғы жоспарымен танысты.Басқарма төрағасының айтуынша, өткен жылы холдинг тарапынан 6 триллион теңгеге жуық қолдау көрсетілген. Оның 4,1 триллион теңгесі ірі, орта және шағын бизнеске, ал 1,9 триллион теңгесі тұрғын үй-құрылыс секторына бағытталған.Былтыр холдингтің активтері 14,1 триллион теңгеге жеткен. Инвестициялық және несие портфелі 10,3 триллион теңгеге дейін ұлғайып, таза табыс 416 миллиард теңгені құрады. Рустам Қарағойшиннің айтуынша, бұл қаржыны холдингтің компаниялар тобы аясындағы бағдарламаларды іске асыруға жұмсау жоспарланып отыр."Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" базасында екі кепілдік қоры іске қосылған. Оның бірі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған, ал екіншісі құны 7 миллиард теңгеден асатын ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.Бұдан бөлек, тікелей инвестиция тарту бойынша бірқатар бастама, соның ішінде шетелдік серіктестермен бірлескен қорлар арқылы ауыл шаруашылығы, өңдеу және тау-кен металлургиясы салаларында жобалар жүзеге асырылады. Аталған қорлар "Астана" халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында құрылады.Мемлекет басшысы еліміздің орнықты экономикалық дамуы үшін ұсынылып отырған бастамаларды орындаудың маңызын атап өтті.Тоқаев "Бәйтерек" холдингіне екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, экономиканың нақты секторын қаржыландыруды, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды.
https://sputnik.kz/20240822/otandyq-tauar-ondirushilerdi-qoldau-ukimet-bayterek-kholdingine-tapsyrma-berdi-46523921.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/03/51319398_100:0:701:451_1920x0_80_0_0_7c25bfb5aa2ffc3e2076c116d029a2da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
"Бәйтеректің" активтері 14,1 трлн теңгеге жетті: холдинг басшысы Тоқаевқа есеп берді
Тоқаев "Бәйтерек" холдингіне энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Президент "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есепті тыңдап, биылғы жоспарымен танысты.
Басқарма төрағасының айтуынша, өткен жылы холдинг тарапынан 6 триллион теңгеге жуық қолдау көрсетілген. Оның 4,1 триллион теңгесі ірі, орта және шағын бизнеске, ал 1,9 триллион теңгесі тұрғын үй-құрылыс секторына бағытталған.
Былтыр холдингтің активтері 14,1 триллион теңгеге жеткен. Инвестициялық және несие портфелі 10,3 триллион теңгеге дейін ұлғайып, таза табыс 416 миллиард теңгені құрады. Рустам Қарағойшиннің айтуынша, бұл қаржыны холдингтің компаниялар тобы аясындағы бағдарламаларды іске асыруға жұмсау жоспарланып отыр.
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" базасында екі кепілдік қоры іске қосылған. Оның бірі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған, ал екіншісі құны 7 миллиард теңгеден асатын ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.
Бұдан бөлек, тікелей инвестиция тарту бойынша бірқатар бастама, соның ішінде шетелдік серіктестермен бірлескен қорлар арқылы ауыл шаруашылығы, өңдеу және тау-кен металлургиясы салаларында жобалар жүзеге асырылады. Аталған қорлар "Астана" халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында құрылады.
Мемлекет басшысы еліміздің орнықты экономикалық дамуы үшін ұсынылып отырған бастамаларды орындаудың маңызын атап өтті.
Тоқаев "Бәйтерек" холдингіне екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, экономиканың нақты секторын қаржыландыруды, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды.