https://sputnik.kz/20250429/99-zhasyna-qaragan-shaqta-astanalyq-sogys-ardageri-dunieden-otti-52966561.html
Астанада 99 жасқа қараған шақта соғыс ардагері дүниеден өтті
Астанада 99 жасқа қараған шақта соғыс ардагері дүниеден өтті
Sputnik Қазақстан
Елордада соғысқа қатысқан бес ардагер қалды 29.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-29T15:25+0500
2025-04-29T15:25+0500
2025-04-29T16:01+0500
жеңістің 80 жылдығы
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1d/52964159_0:108:675:488_1920x0_80_0_0_97e889bbbe182b64e45a57426c39b821.jpg
АСТАНА, 29 сәуір-Sputnik. Астанада 99 жасына қараған жақта Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Иванович Дровосеков қайтыс болды."Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты майдангердің туыстарына көңіл айтты.Владимир Иванович 1926 жылы 18 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Балкашино ауылында дүниеге келген.1941- 943 жылдар аралығында № 317 әскери зауытта 3-ші дәрежелі токарь болып жұмыс істеген. 1944 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, майданға жіберілді. Ол 3-ші Беларусь майданындағы шайқастарға қатысқан.Соғыс аяқталғаннан кейін Сахалинде шекара әскерінің теңіз бөлімі құрамында қызметін жалғастырады. 1952 жылы майдангер Ақмолаға көшіп келіп, арнайы комендатурада жұмыс істейді.Владимир Ивановичтің батылдығы, ержүректігі мен борышына адалдығы ұрпақтар жадында мәңгі қалады. Оның өмір жолы — Отанға деген табандылықтың, патриотизмнің және адалдықтың үлгісі, деп атап өтті әкімдікте.
https://sputnik.kz/20250302/petropavlda-sogys-ardageri-103-zhasqa-toldy-51279767.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1d/52964159_0:120:675:626_1920x0_80_0_0_3e4bec0200360c3cb54bcab3cd157d4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
соғыс ардагері
Астанада 99 жасқа қараған шақта соғыс ардагері дүниеден өтті
15:25 29.04.2025 (жаңартылды: 16:01 29.04.2025) Елордада соғысқа қатысқан бес ардагер қалды
АСТАНА, 29 сәуір-Sputnik. Астанада 99 жасына қараған жақта Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Иванович Дровосеков қайтыс болды.
"Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты майдангердің туыстарына көңіл айтты.
Владимир Иванович 1926 жылы 18 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Балкашино ауылында дүниеге келген.
1941- 943 жылдар аралығында № 317 әскери зауытта 3-ші дәрежелі токарь болып жұмыс істеген. 1944 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, майданға жіберілді. Ол 3-ші Беларусь майданындағы шайқастарға қатысқан.
Соғыс аяқталғаннан кейін Сахалинде шекара әскерінің теңіз бөлімі құрамында қызметін жалғастырады. 1952 жылы майдангер Ақмолаға көшіп келіп, арнайы комендатурада жұмыс істейді.
Владимир Ивановичтің батылдығы, ержүректігі мен борышына адалдығы ұрпақтар жадында мәңгі қалады. Оның өмір жолы — Отанға деген табандылықтың, патриотизмнің және адалдықтың үлгісі, деп атап өтті әкімдікте.