https://sputnik.kz/20250428/zelenskiy-qyrymdy-qaytaru-talabynan-bas-tartuga-dayyn--tramp-52919377.html
Зеленский Қырымды қайтару талабынан бас тартуға дайын – Трамп
Зеленский Қырымды қайтару талабынан бас тартуға дайын – Трамп
Sputnik Қазақстан
АҚШ және Украина президенттері Ватиканда кездесті 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T08:27+0500
2025-04-28T08:27+0500
2025-04-28T08:28+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44682875_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_f54ac09caf6c96428727345295cdd10c.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленский Қырымды қайтару талабынан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді.26 сәуірде Рим Папасы Францискті жерлеу рәсімінде Зеленский мен Трамптың "өте қысқа" кездесуі болғаны хабарланған болатын. Зеленский Америка президентімен "көп нәрсені талқылауға уақыты болғанын" айтып, оған алғысын білдірді.Трамп Зеленскиймен Ватиканда өткен кездесуге түсініктеме бере отырып, журналдистердің "Зеленский Қырымға қатысты талаптарынан бас тартуға дайын ба?" деген сұрағына жауап берді.Ол Зеленскиймен не туралы сөйлескенін де айтты. Ватикандағы кездесуде Зеленский одан көбірек қару сұраған, ал Америка басшысы алдымен Ресейдің бейбітшілік процесіндегі іс-әрекетін көргісі келетінін атап өтті."Зеленский көбірек қару керек екенін айтты, бірақ ол бұл әңгімені үш жыл бойы айтып келеді. Көрейік не болатынын. Мен Ресей жағынан қандай амал жасалатынын көргім келеді", - деді Трамп Ақ үй пулының журналистеріне.Sky News Ватикандағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Трамп пен Зеленский жерлеу рәсімінен кейін сөйлесуге келіскен, бірақ кездесу болмады. CNN хабарлағандай, Трамп Римнен тез кетіп қалды.
https://sputnik.kz/20250427/zelenskiy-italiya-premer-ministrimen-ukrainada-beybitshilik-ornatu-maselesin-talqylady-52910470.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44682875_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_b65a54428b64c0173a179549f8764b86.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Зеленский Қырымды қайтару талабынан бас тартуға дайын – Трамп
08:27 28.04.2025 (жаңартылды: 08:28 28.04.2025) АҚШ және Украина президенттері Ватиканда кездесті
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленский Қырымды қайтару талабынан бас тартуға дайын екенін
мәлімдеді. 26 сәуірде Рим Папасы Францискті жерлеу рәсімінде Зеленский мен Трамптың "өте қысқа" кездесуі болғаны хабарланған болатын. Зеленский Америка президентімен "көп нәрсені талқылауға уақыты болғанын" айтып, оған алғысын білдірді.
Трамп Зеленскиймен Ватиканда өткен кездесуге түсініктеме бере отырып, журналдистердің "Зеленский Қырымға қатысты талаптарынан бас тартуға дайын ба?" деген сұрағына жауап берді.
"Дайын деп ойлаймын. Қырым мәселесі 12 жыл бұрын туындады. Ол кезде президент Обама болды. Олар оны бірде-бір оқ атпай бере салды. Сондықтан маған Қырым туралы айтпаңыздар. Обамадан сұраңыз", - деді Трамп.
Ол Зеленскиймен не туралы сөйлескенін де айтты. Ватикандағы кездесуде Зеленский одан көбірек қару сұраған, ал Америка басшысы алдымен Ресейдің бейбітшілік процесіндегі іс-әрекетін көргісі келетінін атап өтті.
"Зеленский көбірек қару керек екенін айтты, бірақ ол бұл әңгімені үш жыл бойы айтып келеді. Көрейік не болатынын. Мен Ресей жағынан қандай амал жасалатынын көргім келеді", - деді Трамп Ақ үй пулының журналистеріне.
Sky News Ватикандағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Трамп пен Зеленский жерлеу рәсімінен кейін сөйлесуге келіскен, бірақ кездесу болмады. CNN хабарлағандай, Трамп Римнен тез кетіп қалды.