https://sputnik.kz/20250428/turkistan-oblysynda-300-oqushyga-arnalgan-muzykalyq-mekteptin-qurylysy-bastaldy-52924233.html
Түркістан облысында 300 оқушыға арналған музыкалық мектептің құрылысы басталды
Түркістан облысында 300 оқушыға арналған музыкалық мектептің құрылысы басталды
Sputnik Қазақстан
Өнер мектебі қайтарылған активтер есебінен салынады 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T11:00+0500
2025-04-28T11:00+0500
2025-04-28T11:00+0500
түркістан облысы
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1c/52924936_0:61:1281:781_1920x0_80_0_0_f4afa4b11c95e1fda4c74e2d5c35da2b.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Бас прокуратура.Мектептің құрылысы - мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында үкіметпен мақұлданған өңірдегі алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі. Айта кетейік, бұған дейін ауылда музыкалық мектеп 1974 жылы салынған, қазіргі таңда апатты жағдайда тұр. Дегенмен жұмысын жалғастырып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес үкімет арнайы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларына 280 әлеуметтік нысанның құрылысын қаржыландыру үшін қаражат бөлді. Бұл жобалар елді мекендерді дамытуға бағытталған кешенді тәсілдің бірі болып табылады.
https://sputnik.kz/20250424/ulytau-oblysynda-qaytarylgan-aktivter-esebinen-11-nysan-salynady-52823194.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1c/52924936_79:0:1200:841_1920x0_80_0_0_7213a130230bfece7b8a7c9a1375e281.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, құрылыс
түркістан облысы, құрылыс
Түркістан облысында 300 оқушыға арналған музыкалық мектептің құрылысы басталды
Өнер мектебі қайтарылған активтер есебінен салынады
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті, деп
хабарлайды Бас прокуратура.
Мектептің құрылысы - мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында үкіметпен мақұлданған өңірдегі алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі.
"Салтанатты рәсімде қатысушылар жергілікті тұрғындарды құрылыс жұмыстарының басталуымен құттықтап, ауыл ақсақалының батасынан кейін болашақ ұрпаққа арналған уақыт капсуласын салды. Құны 890 млн теңге тұратын 300 оқушыға арналған жаңа мектеп көршілес ауылдардың оқушыларын да қабылдайтын болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін ауылда музыкалық мектеп 1974 жылы салынған, қазіргі таңда апатты жағдайда тұр. Дегенмен жұмысын жалғастырып келеді.
Президенттің тапсырмасына сәйкес үкімет арнайы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларына 280 әлеуметтік нысанның құрылысын қаржыландыру үшін қаражат бөлді.
Бұл жобалар елді мекендерді дамытуға бағытталған кешенді тәсілдің бірі болып табылады.