Тоқаев ғалым Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Абзал КалиевДоктор филологических наук, профессор, академик НАН РК Сеит Каскабасов
Доктор филологических наук, профессор, академик НАН РК Сеит Каскабасов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жазылу
Белгілі әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Сейіт Қасқабасов ұлт руханиятын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін терең зерделеуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы тұлға еді. Әсіресе отандық фольклортануға өлшеусіз үлес қосты. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұстаз ретінде көптеген шәкірт тәрбиеледі. Өнегелі өмір сүріп, соңына рухани мол мұра қалдырған Сейіт Асқарұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды", – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетері, бүгін белгілі әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Жаңалықтар
0