Тоқаев Алматы облысындағы Аlatau арнайы экономикалық аймағының әлеуетін нығайтуды тапсырды

© PhotoСЭЗ ПИТ Алатау. Алматы
СЭЗ ПИТ Алатау. Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жазылу
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Марат Сұлтанғазиевті мемлекет басшысына өңірдің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды Ақорда.
© АкордаКасым-Жомарт Токаев принял акима Алматинской области Марата Султангазиева
Касым-Жомарт Токаев принял акима Алматинской области Марата Султангазиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Касым-Жомарт Токаев принял акима Алматинской области Марата Султангазиева
Марат Сұлтанғазиев экономиканың негізгі секторларында өсім байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 миллиард теңгені, ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 миллиард теңгені құраған. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.
Сұлтанғазиевтің айтуынша, жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасыіске қосылған. Оның ішінде "GALANZ bottlers" өндіріс алаңының кеңеюі, "Бартоғай ГЭС-28" және Шарын өзеніндегі шағын ГЭС каскадының құрылыстары сияқты ауқымды жобалар бар. Жалпы өңірде құны 2,4 триллион теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.
Мемлекет басшысына Қонаев және Алатау қалаларын дамыту барысы жөнінде айтылды. Жаңа бас жоспарға сәйкес, облыс орталығында "Smart Qonaev" қаланы басқарудың бірыңғай жүйесі енгізілуде. Алатау қаласының бас жоспарына түзетулер жасау және көлік-инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталды.
Облыс әкімінің айтуынша, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 17 білім ордасының құрылысы қолға алынған. Бұдан бөлек, өңірдегі үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік негізінде 19 мектеп салу жоспарланған. 2025-2027 жылдары 91 оқу ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекет басшысы Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсаттарды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті. Президент индустриалды аймақтар мен Аlatau арнайы экономикалық аймағының әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ коммуналдық және елді мекендердегі жолдардың құрылысына баса мән беруді тапсырды.
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2024
Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі жобалау кеңсесі іске қосылды
Жаңалықтар
0