Тағы бір пойызда әйелдер вагоны іске қосылады

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Пойыздағы әйелдер вагоны
Пойыздағы әйелдер вагоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жазылу
Бұл вагонда жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат берілген
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. 1 маусымнан бастап №614/613 "Орал–Маңғыстау" бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагоны іске қосылады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Пойыздағы әйелдер вагоны
Женский вагон в поезде - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Пойыздағы әйелдер вагоны
Осылайша "Әйелдер вагоны" қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді. Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда жүреді:
№77/78 "Алматы – Маңғыстау";
№351/352 "Алматы – Маңғыстау";
№45/46 "Павлодар – Түркістан";
№37/38 "Маңғыстау – Семей";
№47/48 "Атырау – Астана";
№33/34 "Ақтөбе – Алматы";
№4/3 "Астана – Алматы";
№71/72 "Астана – Шымкент";
№354/353 "Астана – Семей";
№24/23 "Ақтөбе – Алматы";
№25/26 "Алматы – Шымкент";
№614/613 "Орал – Маңғыстау".
Әйелдер вагонында билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады, ал қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар бұл вагонда жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат берілген.
© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Пойыздағы әйелдер вагоны
Женский вагон в поезде - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Пойыздағы әйелдер вагоны
Әйелдер вагонына билеттерді вокзалдағы кассалардан сатып алуға болады. Бұл кезде касса қызметкеріне әйелдер вагонынан орын таңдағыңыз келетінін алдын ала айту қажет. Сондай-ақ билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан онлайн сатып алуға мүмкіндік бар. Онлайн рәсімдеу кезінде билеттің әйелдер вагонына тиесілі екенін білдіретін "ӘВ" (әйелдер вагоны) белгісіне назар аудару керек.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан сатып алуға болады. Билеттер сатылымы пойыздың жөнелтілуіне 45 күн қалғанда ашылады, бұл жолаушыларға өз сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0