https://sputnik.kz/20250428/qazaqstandyqtardyn-zeynetaqy-zhinaqtary-qayda-salyngan-52944560.html
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қайда салынған
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қайда салынған
Sputnik Қазақстан
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару туралы есеп ұсынды 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T15:57+0500
2025-04-28T15:57+0500
2025-04-28T15:57+0500
бжзқ
зейнетақы қоры
зейнетақы жинағы
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_0:150:1921:1230_1920x0_80_0_0_2eb8e6423ba21f96095e296630602f53.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Бірыңғай зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың ресми сайтына сілтеме жасап. Бүгінде зейнетақы активтерінің басым бөлігі – 22,7 трлн теңге ұлттық банктің сенімгерлік басқаруында. Осы ақшаны инвестициялаудың негізгі бағыттары:Инвестициялық портфельдің 59,94 проценті ұлттық валютада, 40,05 проценті - АҚШ долларымен, қалғаны басқа валютамен сақталған.Бұдан бөлек, 2023 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50 процентін сенімгерлік басқаруға бере алады. Осы уақытқа дейін жеке меншік компаниялардың басқаруына шамамен 62,78 млрд теңге берілді. Олар:Бұл компаниялар зейнетақы жинақтарын, көбінесе, Exchange Traded Funds (ETF) пайларына, екінші деңгейлі банктердің облигацияларына, "кері РЕПО"-ға, отандық және шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигацияларына, квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына және шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына салады. Олар да инвестицияның басым бөлігін ұлттық валютамен сақтайды.Соңғы 12 айда жеке меншік компаниялардың басқаруына берілген зейнетақы жинақтарының кіріс үлесі 13,85%-16,64% болды.
https://sputnik.kz/20250225/bzhzq-2849-mlrd-tenge-investitsiyalyq-shygynga-ushyrady-51146049.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_40:0:1879:1379_1920x0_80_0_0_8f54322bf11e8b63294430f7f30abccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бжзқ, зейнетақы қоры, зейнетақы жинағы
бжзқ, зейнетақы қоры, зейнетақы жинағы
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қайда салынған
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару туралы есеп ұсынды
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Бірыңғай зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қордың ресми
сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде зейнетақы активтерінің басым бөлігі – 22,7 трлн теңге ұлттық банктің сенімгерлік басқаруында. Осы ақшаны инвестициялаудың негізгі бағыттары:
қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,59%;
квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,88%;
ұлттық банктің депозиттері – 3,86%;
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің облигациялары – 3,16%;
Қазақстан эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,51%;
микроқаржы ұйымдары - 1,38%.
Инвестициялық портфельдің 59,94 проценті ұлттық валютада, 40,05 проценті - АҚШ долларымен, қалғаны басқа валютамен сақталған.
"Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,37 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік - 11,99%, инфляция мөлшері - 10,00%", - дейді қор мамандары.
Бұдан бөлек, 2023 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50 процентін сенімгерлік басқаруға бере алады. Осы уақытқа дейін жеке меншік компаниялардың басқаруына шамамен 62,78 млрд теңге берілді. Олар:
"Jusan Invest" АҚ – 11,40 млрд теңге;
"Halyk Global Markets" АҚ - 5,30 млрд теңге;
"BCC Invest" АҚ - 5,94 млрд теңге;
"Сентрас Секьюритиз" АҚ - 2,19 млрд теңге;
"Halyk Finance" АҚ - 37,95 млрд теңге.
Бұл компаниялар зейнетақы жинақтарын, көбінесе, Exchange Traded Funds (ETF) пайларына, екінші деңгейлі банктердің облигацияларына, "кері РЕПО"-ға, отандық және шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигацияларына, квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына және шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына салады. Олар да инвестицияның басым бөлігін ұлттық валютамен сақтайды.
Соңғы 12 айда жеке меншік компаниялардың басқаруына берілген зейнетақы жинақтарының кіріс үлесі 13,85%-16,64% болды.