https://sputnik.kz/20250428/qazaqstanda-khalyqqa-berilgen-kredit-kolemi-osti--euraziya-damu-banki-52936534.html
Қазақстанда халыққа берілген кредит көлемі өсті – Еуразия даму банкі
Қазақстанда халыққа берілген кредит көлемі өсті – Еуразия даму банкі
Sputnik Қазақстан
Банк ЕАЭО елдері экономикасының апта сайынғы макрошолуын ұсынды 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T13:35+0500
2025-04-28T13:35+0500
2025-04-28T13:35+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/289/45/2894503_0:183:3504:2154_1920x0_80_0_0_ffa9c1fed960f58d4a2ee97361c27a59.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда халыққа берілген кредит көлемі жыл басынан бері 3,5%-ға өсті, деп хабарлады Еуразия даму банкі апта сайынғы шолуында.Атап айтқанда, қазақстандықтардың тұтынушылық және басқа да қажеттіліктеріне арналған қарыздар сәйкесінше 4,6% және 8,4% өсті.Бірақ бизнеске берілген кредит 0,3%-ға қысқарды.Жалпы, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның банк секторының несие портфелі жыл басымен салыстырғанда 1,9%-ға өсіп, 36,6 трлн теңгені (71 млрд доллар) құрады.ЕАДБ сонымен қатар ЕАЭО-ның басқа елдері бойынша мәліметтерді ұсынды.Ресей банкі негізгі мөлшерлемені 21% деңгейінде қалдырды, бұл болжамға сәйкес келді. ЕАДБ сарапшылары бұл шешім инфляциялық қысым аясында қабылданғанын атап өтті.Баға өсімі 2025 жылдың бірінші тоқсанында 8,3%-ға дейін баяулады.Қырғызстанда 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында сыртқы сауда айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға төмендеді. Көрсеткіштің төмендеуі экспорттың 4,7%-ға және импорттың 14,6%-ға қысқаруымен байланысты.Сарапшылар Беларусьте жұмыссыздық төмен болғандықтан жалақының тұрақты өсіп жатқанын атап өтті.Арменияда экономикалық белсенділік 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 4,1%-ға өсті."Қызмет көрсету (+11,5%), сауда (+6,0% ) және құрылыс (+13,6%) секторларында өсім бар. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 18,5%-ға төмендеді", - деп хабарлады банк.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/289/45/2894503_195:0:3310:2336_1920x0_80_0_0_e1248f77dcc74dce7c51e8d1f6f00c8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстанда халыққа берілген кредит көлемі өсті – Еуразия даму банкі
Банк ЕАЭО елдері экономикасының апта сайынғы макрошолуын ұсынды
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда халыққа берілген кредит көлемі жыл басынан бері 3,5%-ға өсті, деп хабарлады Еуразия даму банкі апта сайынғы шолуында.
Атап айтқанда, қазақстандықтардың тұтынушылық және басқа да қажеттіліктеріне арналған қарыздар сәйкесінше 4,6% және 8,4% өсті.
Бірақ бизнеске берілген кредит 0,3%-ға қысқарды.
"Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің банктерге берешегі азайды (-12,3%). Бұл ретте орта және ірі бизнестің несие портфелі тиісінше 8,4% және 10,8% өсті", - деп хабарлады банк.
Жалпы, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның банк секторының несие портфелі жыл басымен салыстырғанда 1,9%-ға өсіп, 36,6 трлн теңгені (71 млрд доллар) құрады.
ЕАДБ сонымен қатар ЕАЭО-ның басқа елдері бойынша мәліметтерді ұсынды.
Ресей банкі негізгі мөлшерлемені 21% деңгейінде қалдырды, бұл болжамға сәйкес келді. ЕАДБ сарапшылары бұл шешім инфляциялық қысым аясында қабылданғанын атап өтті.
Баға өсімі 2025 жылдың бірінші тоқсанында 8,3%-ға дейін баяулады.
Қырғызстанда 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында сыртқы сауда айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға төмендеді. Көрсеткіштің төмендеуі экспорттың 4,7%-ға және импорттың 14,6%-ға қысқаруымен байланысты.
Сарапшылар Беларусьте жұмыссыздық төмен болғандықтан жалақының тұрақты өсіп жатқанын атап өтті.
"Бюджеттiк секторда нақты көрсеткiшпен есептегенде жалақы 12,3%-ға өскен, бюджеттiк емес секторда экономикалық қызмет түрлерiнiң көпшiлiгiнде жоғары өсім байқалады", - деп жазды сарапшылар.
Арменияда экономикалық белсенділік 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 4,1%-ға өсті.
"Қызмет көрсету (+11,5%), сауда (+6,0% ) және құрылыс (+13,6%) секторларында өсім бар. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 18,5%-ға төмендеді", - деп хабарлады банк.