Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды

© Sputnik / Абзал КалиевВакцинация населения против коронавируса в Казахстана
Вакцинация населения против коронавируса в Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жазылу
Қазақстанда көкжөтел мен қызылша бойынша жағдай өршіп тұр
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды, ол 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында "Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда" ұранымен өтеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Егудің арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия тіркелмеген. Эпидпаротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті — 32 есе, В гепатиті — 92 есе, қызамық — 2000 еседен астам төмендеді.
"Бүгінгі таңда иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғауды қамтиды. Алайда соңғы уақытта қызылшамен және көкжөтелмен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалады: қызылша бойынша 75% жағдай және көкжөтел бойынша 87% жағдай жоспарлы вакцинациялау алмаған балаларға тиесілі", - деп жазылған хабарламада.
2024 жылдан бастап Ұлттық күнтізбеге 11-13 жас аралығындағы қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау қосылды. Қазіргі уақытта бір дозамен 11-13 жастағы 133 169 қыз, екі дозамен - 21 194 қыз егілді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2024
54 мыңнан астам қызға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егілді
Жаңалықтар
0