Министр бензин бағасына қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Владислав ВодневЗаправочный шланг в бензобаке автомобиля
Заправочный шланг в бензобаке автомобиля  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жазылу
Министрдің айтуынша, бағаның көтерілуіне ешқандай себеп жоқ
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бензин бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл ақпан айынан бастап бензин мен дизельді отынның бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Бүгінде баға сұраныс мен ұсынысқа қарай, яғни нарықпен анықталады
"Бензин қоры жеткілікті. 42 күнге жетуі керек. Сондықтан бағаның көтерілуіне ешқандай себеп жоқ. Ал дизельді отынның қоры шамамен 28 күнге жетеді. Ешқандай алаңдаушылық болмауы керек. Біз ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің өтінімдерін орындап жатырмыз. Сондықтан көктемгі егістік жұмыстары үшін де алаңдаудың қажеті жоқ", - деді Ақкенженов журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда министр Атырау мұнай өңдеу зауытының соңғы шешімі де бензин бағасына әсер етпейтінін де жеткізді. Зауыт 1 мамырдан бастап мұнай өңдеу тарифін төмендетеді.
Айта кетері, бұған дейін министрлік мұнай өнімдері бағасының күрт өсуіне жол бермейтінін мәлімдеген болатын. Алайда бензин бағасы біртіндеп көтеріледі.
Автозаправочная станция, топливные пистолеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2025
Қазақстанда жанар-жағар май бағасы қаншаға қымбаттайды
Жаңалықтар
0