https://sputnik.kz/20250428/karim-masimovtin-uyi-satylymnan-alynyp-tastaldy-52950640.html
Кәрім Мәсімовтің үйі сатылымнан алынып тасталды
Кәрім Мәсімовтің үйі сатылымнан алынып тасталды
Sputnik Қазақстан
Ол Астана әкімдігіне берілетін болды 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T20:49+0500
2025-04-28T20:49+0500
2025-04-28T21:08+0500
кәрім мәсімов
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0a/50729265_0:174:450:427_1920x0_80_0_0_e27acce052e0e59ec494c00e5ff95148.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі үй әлеуметтік мақсатта пайдалану үшін тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қайтарылған активтерді басқару компаниясына" сілтеме жасап.Компанияның мәліметінше, Астана қаласы әкімдігінен бұл үйді әлеуметтік қажеттіліктерді өтеуге беру туралы ресми өтініш түскен.Айта кетері, Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағын ауданы Ерейментау көшесі 1-үй мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй үш рет сатылымға шығарылған болатын.Нысанның бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болған еді.Зәулім үйді үш рет аукционға шығарғанымен, сатып алушылар табылмады.
https://sputnik.kz/20250210/karim-masimovtin-uyi-auktsionga-shygarylady-50730678.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0a/50729265_0:131:450:469_1920x0_80_0_0_c0aa6d97c989e85d5d392976c2a475d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәрім мәсімов
Кәрім Мәсімовтің үйі сатылымнан алынып тасталды
20:49 28.04.2025 (жаңартылды: 21:08 28.04.2025) Ол Астана әкімдігіне берілетін болды
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі үй әлеуметтік мақсатта пайдалану үшін тәркіленді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Қайтарылған активтерді басқару компаниясына" сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, Астана қаласы әкімдігінен бұл үйді әлеуметтік қажеттіліктерді өтеуге беру туралы ресми өтініш түскен.
"Әлеуметтік маңыздылығын және заңнама талаптарын ескере отырып, бұл нысан электрондық сауда жоспарынан алынды. Нысанды әрі қарай пайдалану мәселесі жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешіледі", - делінген компания хабарламасында.
Айта кетері, Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағын ауданы Ерейментау көшесі 1-үй мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй үш рет сатылымға шығарылған болатын.
Нысанның бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болған еді.
Зәулім үйді үш рет аукционға шығарғанымен, сатып алушылар табылмады.