Кәсіпорындарда жыл сайын 1400-ден астам жазатайым оқиға тіркеледі

© Sputnik/Ертай СарбасовКәсіпорындарда жыл сайын 1400-ден астам жазатайым оқиғаға жол беріледі
Кәсіпорындарда жыл сайын 1400-ден астам жазатайым оқиғаға жол беріледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жазылу
Зардап шеккендердің басым бөлігі тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында істейді
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Жыл сайын 28 сәуірде дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтеді, оның мақсаты – жұмыскерлердің құқықтары, олардың әлеуметтік қорғалуы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне назар аудару. Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,3%-ға, қаза тапқандар саны 2,9%-ға азайған.
Қазақстан кәсіпорындарда жыл сайын 1400-ден астам жазатайым оқиғаға жол беріліп, оның 200-ге жуығы адам шығынымен аяқталады.
Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны:
тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 15,3%;
құрылыс саласында – 12%.

"Елімізде 470 мыңнан астам жұмыскер зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. 2024 жылы аттестаттау нәтижелері бойынша 679 мың жұмыскер еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істегені үшін түрлі өтемақы алды. Бұл мақсаттарға жұмыс берушілер 297,4 млрд теңге бөлді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16,6%-ке көп", - делінген хабарламада.

2024 жылдың қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар туралы 1042 материал жіберіліп, 215 қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстанның 318 кәсіпорны құрылыс саласының мердігерлік ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін бақылаудың тікелей моделін енгізді.
"Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу шеңберінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. Бұл төлемдерге кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған 55 жасқа толған жұмыскерлер құқылы. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, 14 мыңнан астам жұмыскер зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатып, арнаулы әлеуметтік төлемдер алып жатыр", - дейді министрлік.
Украшение елки в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Семейде мұғалім жарақат алды: еңбек инспекциясы жұмыс берушінің кінәсін дәлелдеді
Жаңалықтар
0