https://sputnik.kz/20250428/almatyda-sogys-zhyldaryndagy-darigerlerdin-erligi-atty-khalyqaralyq-konferentsiya-otti-52945048.html
Алматыда "соғыс жылдарындағы дәрігерлердің ерлігі" атты халықаралық конференция өтті
Алматыда "соғыс жылдарындағы дәрігерлердің ерлігі" атты халықаралық конференция өтті
Sputnik Қазақстан
Конференция Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T16:20+0500
2025-04-28T16:20+0500
2025-04-28T16:20+0500
жеңістің 80 жылдығы
әскери қызметкер
алматы
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1c/52945157_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_df0caa6f07e8fbf8c245bce319948013.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медицина қызметкерлерінің ерлігі" атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.Қатысушылар алдымен 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіз тұрып еске алды. Батырларға құрмет көрсете отырып, үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан-Ресей медициналық университеті әскери кафедрасының студенттері Даңқ мемориалы алаңында салтанатты маршпен адымдап өтті.Іс-шараға десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, қарулы күштердің ардагерлері запастағы генерал-майорлар Владимир Тузиков, Айтқали Есенғұлов және "Әскери медицина ардагерлері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Найман Оқапов шақырылды.Халықаралық конференция қорғаныс, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар министрліктерінің өкілдерін, оқу орындарының оқытушыларын, жас ғалымдар мен студенттерді, соның ішінде шетелдік студенттердің басын қосты. Сондай-ақ шараға Новосибирск мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Игорь Маринкин және Мәскеу облысының "Баланы ғылыми-зерттеу клиникалық институты" денсаулық сақтау мекемесінің директоры Нисо Одинаева қатысты."Іс-шарада болашақ медицина мамандарын жігерлендіру мақсатында соғыс кезіндегі әскери дәрігерлердің жанқиярлық ерліктері мен дәрігер атаулысының бүгінгі бейбіт күнде де сөзсіз батыр екендігі айтылды", - делінген хабарламада.
https://sputnik.kz/20250426/zhenistin-80-zhyldygyna-oray-300-den-astam-askeri-qyzmetshi-zhappay-zhugirdi-52903807.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1c/52945157_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_76faafab1a7f5dd3e005137e0cfc30a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, алматы, қорғаныс министрлігі
әскери қызметкер, алматы, қорғаныс министрлігі
Алматыда "соғыс жылдарындағы дәрігерлердің ерлігі" атты халықаралық конференция өтті
Конференция Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медицина қызметкерлерінің ерлігі" атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Қатысушылар алдымен 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіз тұрып еске алды.
Батырларға құрмет көрсете отырып, үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан-Ресей медициналық университеті әскери кафедрасының студенттері Даңқ мемориалы алаңында салтанатты маршпен адымдап өтті.
Іс-шараға десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, қарулы күштердің ардагерлері запастағы генерал-майорлар Владимир Тузиков, Айтқали Есенғұлов және "Әскери медицина ардагерлері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Найман Оқапов шақырылды.
"Әскери дәрігерлердің ерлігі алдыңғы шепте ғана емес, тылдағы, эвакуациялық госпитальдар мен зертханалардағы қажырлы еңбектерінен көрінді. Олардың еңбегі миллиондаған адамның өмірін аман алып қалды, – деді әскери медицина орталығының басшысы Тимур Ошақбаев.
Халықаралық конференция қорғаныс, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар министрліктерінің өкілдерін, оқу орындарының оқытушыларын, жас ғалымдар мен студенттерді, соның ішінде шетелдік студенттердің басын қосты.
Сондай-ақ шараға Новосибирск мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Игорь Маринкин және Мәскеу облысының "Баланы ғылыми-зерттеу клиникалық институты" денсаулық сақтау мекемесінің директоры Нисо Одинаева қатысты.
"Іс-шарада болашақ медицина мамандарын жігерлендіру мақсатында соғыс кезіндегі әскери дәрігерлердің жанқиярлық ерліктері мен дәрігер атаулысының бүгінгі бейбіт күнде де сөзсіз батыр екендігі айтылды", - делінген хабарламада.