https://sputnik.kz/20250428/alemdik-qant-alyby-qazaqstanda-zauyt-ashudy-zhosparlap-otyr-52932526.html
Әлемдік қант алыбы Қазақстанда зауыт ашуды жоспарлап отыр
Әлемдік қант алыбы Қазақстанда зауыт ашуды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
БАЭ-нің ірі компаниясы жобаны тиімді жүзеге асыру үшін гидрология саласындағы үздік мамандарды тартпақ 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T14:57+0500
2025-04-28T14:57+0500
2025-04-28T14:57+0500
қант
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e6/06/01/25206803_0:256:2731:1792_1920x0_80_0_0_df0aa802213ef47608ee41d947f16f68.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Khaleej Sugar компаниясы Алматы облысында жаңа зауыт салуға мүдделі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдікке сілтеме жасап.Компанияның басқарушы директоры, шейх Жамал Әл Гурайр Қазақстанға арнайы келіп, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті. Тараптар жаңа зауыт үшін Қонаев қаласына жақын орналасқан аумақ логистикалық тұрғыдан тиімді деген шешімге келді. Бірақ алдымен су мәселесін шешу керек. Қант қызылшасын суару үшін баламалы су көздері қажет болады.Инвестор зауытты толықтай автономды етіп сала алады. Ол үшін электр станциялары да салынуы мүмкін."Біздің мақсатымыз – толықтай дербес кәсіпорын құру. Қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қоршаған ортаға әсерді азайтып, зауыттың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Әл Гурайр.Кездесудің нәтиежесінде тараптар өңірдің гидрологиялық ресурстарын жан-жақты зерттеу үшін кәсіби консультанттар мен мамандандырылған ұйымдарды тартуға уағдаласты. Бұл шешім суару мәселесін тиімді шешіп, инвестициялық жобаны сәтті іске асыруға мүмкіндік береді.Al Khaleej Sugar – әлемдегі ең ірі автономды және энергия үнемдейтін қант зауыты. Компания әлемдік тазартылған қант нарығының шамамен 3 пайызын қамтиды. Шейх Әл Гурайр қант өнеркәсібінен бөлек, фарфор, құрылыс материалдары, жылжымайтын мүлік және көлік салаларында да табысты жобаларды жүзеге асырып келеді.Айта кетері, былтыр Қазақстанда қант қызылшасының рекордтық көлемі жиналған болатын. Бірақ оны өңдейтін зауыт жетіспейді. Содан өнімнің бір бөлігін көрші елдерге жіберуге тура келді. Биыл қант қызылшасының егіс алқабын 18,4 мың гектарға дейін қысқартуға шешім қабылданды.
https://sputnik.kz/20250315/biyl-qant-qyzylshasynyn-egis-alqaby-qysqartylady-51627522.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/01/25206803_1:0:2730:2047_1920x0_80_0_0_f5cc3299e2caccfc4bb413b8edc9947d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант, зауыт
Әлемдік қант алыбы Қазақстанда зауыт ашуды жоспарлап отыр
БАЭ-нің ірі компаниясы жобаны тиімді жүзеге асыру үшін гидрология саласындағы үздік мамандарды тартпақ
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Khaleej Sugar компаниясы Алматы облысында жаңа зауыт салуға мүдделі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Компанияның басқарушы директоры, шейх Жамал Әл Гурайр Қазақстанға арнайы келіп, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті. Тараптар жаңа зауыт үшін Қонаев қаласына жақын орналасқан аумақ логистикалық тұрғыдан тиімді деген шешімге келді. Бірақ алдымен су мәселесін шешу керек. Қант қызылшасын суару үшін баламалы су көздері қажет болады.
"Біз үшін егістік алқаптарын сенімді әрі жеткілікті су көздерімен қамтамасыз ету өте маңызды. Жобаны тиімді жүзеге асыру үшін гидрология саласындағы үздік мамандарды тартамыз", – дейді шейх Жамал Әл Гурайр.
Инвестор зауытты толықтай автономды етіп сала алады. Ол үшін электр станциялары да салынуы мүмкін.
"Біздің мақсатымыз – толықтай дербес кәсіпорын құру. Қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қоршаған ортаға әсерді азайтып, зауыттың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Әл Гурайр.
Кездесудің нәтиежесінде тараптар өңірдің гидрологиялық ресурстарын жан-жақты зерттеу үшін кәсіби консультанттар мен мамандандырылған ұйымдарды тартуға уағдаласты. Бұл шешім суару мәселесін тиімді шешіп, инвестициялық жобаны сәтті іске асыруға мүмкіндік береді.
Al Khaleej Sugar – әлемдегі ең ірі автономды және энергия үнемдейтін қант зауыты. Компания әлемдік тазартылған қант нарығының шамамен 3 пайызын қамтиды. Шейх Әл Гурайр қант өнеркәсібінен бөлек, фарфор, құрылыс материалдары, жылжымайтын мүлік және көлік салаларында да табысты жобаларды жүзеге асырып келеді.
Айта кетері, былтыр Қазақстанда қант қызылшасының рекордтық көлемі
жиналған болатын. Бірақ оны өңдейтін зауыт жетіспейді. Содан өнімнің бір бөлігін көрші елдерге жіберуге тура келді. Биыл қант қызылшасының егіс алқабын 18,4 мың гектарға дейін қысқартуға
шешім қабылданды.